Басты  /  мақалалар  /  Басшыңызға қалай сыйлық жасайсыз?

Басшыңызға қалай сыйлық жасайсыз?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1396
Басшыңызға қалай сыйлық жасайсыз? Енді бұл әрекетіңіз алдағы уақытта пара берудің бір көрінісі ретінде бағалануы мүмкін.

Өйткені алдағы уақытта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақша жинау деректері мен шенеуніктерге сыйлық жасау туралы шағымдарды өз бақылауына алмақ.  Сондықтан қызметтік этикаға қатысты кейбір орынсыз әрекеттер орын алып жатса, заңға томпақ болып көрінуі ықтимал. Сондықтан Агенттік өкілдері азаматтардың мемлекеттік қызметкерлердің әдепке жатпайтын қылықтарына қатысты шағымдарын тіркеуге ала бастайды. Мысалға алатын болсақ, азаматтар көбінесе агенттікке мемлекеттік қызметкерлердің бір-біріне ерекше сый-құрмет көрсетуіне қатысты шағым түсіреді екен. Мысалы, қызметтегі әріптестердің бір-біріне сыйлық беруі, көңіл көтеретін шараларды ұйымдастыру және қызмет бабындағы сыйластықты сақтамау деректері жиі кездесіп отырады.

Айта кетер болсақ, сый-құрмет көрсетудің мынандай  түрлері әсіресе, қызметтік іссапар кезінде көптеп кездеседі екен.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, «ережеге сәйкес, тексеріс кезінде лауазымды тұлғаларды көңіл көтеруге болатын қымбат орындарға, сонымен қатар, оларға құнды сыйлықтар беріліп, тұратын жеріне де ақша төленеді. Нәтижесінде шенеуніктер оларға алғыс ретінде пара береді».

Мысалы, агенттік өкілдері Қаржылық бақылау комитетінің лауазымды қызметкерлеріне Қарағанды облысына тексеріс жұмыстарымен барғанда, оларға ерекше құрмет көрсетілгенін анықтады. Сондай-ақ, өңірлік мектептерді тексеретін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысындағы Білім саласындағы бақылау департаментінің лауазымды қызметкерлерінің тарапынан да  ереже бұзушылықтар анықталған. Осыған ұқсас деректер денсаулық сақтау мен жер қатынастары саласында даорын алған.

Сонымен қатар, басшыларының туған күніне жұмысшылардан ақша жинау деректері бар.

Қалай айтқанда да,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жасап отырған бұл қадамы құптарлық. Қазақтың арасында «дорба мен жорға»  қатар жүретінін  және қызметте басшыңыздың туған күніне сыйлық жасаудың әдетке  айналып кеткенін ескерсек, бұл әрекет пара болып табылмай ма?

... Ал Сіз  басшыңызға қалай сыйлық жасайсыз?