Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тищенко қазақтардан кешірім сұрады

Тищенко қазақтардан кешірім сұрады

Айқын-ақпарат
1060
Тищенко қазақтардан кешірім сұрады Ресейлік боксшы Евгений Тищенко өзінің «Ол ұлтты сыйламаймын» деген сөзі үшін кешірім сұрады.

Оның айтуынша, аталған бейнебаян эфирге арналмаған. Оны жасырын камерамен түсіріп алды, деп хабарлайды  Sputniknews.kz сайты.

Айта кетейік, жақында ресейлік боксшы Евгений Тищенко «Комсомольская правда» радиосына сұхбат беріп, Василий Левиттің жанкүйерлері туралы әңгіме қозғалғанда: «Я их не сильно уважаю на самом деле. В принципе нацию не уважаю», – деген қызба пікірін айтып қалды Е. Тищенко. Студияға келген спорт сарапшысы оны дер кезінде тоқтатқаны белгілі.

  • Бұл сөзді жарыққа шығармауы тиіс еді. Оны кәдімгідей жасырын камерамен түсіріп алды, - деді Е.Тищенко телефон арқылы хабарласқан тілшіге.

Оның сөзіне қарағанда. Рио Олимпиадасынан келгеннен кейін қазақстандықтар ғаламтор арқылы оған көптеген жағымсыз комментарийлер жазды. Содан көңілі бұзылған.

  • Шын мәнінде, ол ұлтқа қарсы ештеңем жоқ. Мәселе мынада, маған қазақстандық жанкүйерлердің балағат сөздері жазылған көптеген комментарийлер ұнамайды. Оның бәрі реніш туғызады. Мен кешірім сұраймын. Алайда, соншама жағымсыз сөздерді естігім келмейді. Төрешілер шешімін қабылдаған мен емеспін ғой, - дейді ол.
  • baq.kz