Негізгі бет  /  мақалалар  /  Астанада пәтер бағасы арзандап кетті

Астанада пәтер бағасы арзандап кетті

Айқын-ақпарат
828
Астанада пәтер бағасы арзандап кетті Сарапшылар Астананың пәтер нарығында бағаның елеулі түрде құлдырағанын айтып отыр. Бұл туралы kn.kz хабарлайды.

Қала бойынша орта баға бір шаршы метрге 363,7 мың теңге деңгейінде тұрақтаған немесе 1078 доллар. Бір аптаның ішінде бір шаршы метр құны 1,36 пайызға арзандапты.

19-25 қыркүйек аралығында әсіресе, Есілдің оң жағалауындағы пәтерлер құны арзандаған. Орташа бағамен елордадан 24,7 миллион теңгеге пәтер сатып алуға болады.

Сарапшылар ең қымбат деген тұрғын үйдің шаршы метрі 480 мың, ал ең арзаны 274 мың теңге шамасында деп отыр.

kn.kz