Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өзгеше жолмен өмірге келді

Өзгеше жолмен өмірге келді

Айқын-ақпарат
1053
Өзгеше жолмен өмірге келді Мексикада 2016 жылдың сәуір айында үш адамның митохондриалды ДНҚ-сынан пайда болған алғашқы сәби өмірге келген. Бұл туралы New Scientist хабарлайды.

“Үш ата-ана” әдісі әйел-донордың ДНҚ митохондриясын әйелдің аналық жасушасына орнату арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде сәби митохондриалды ДНҚ-ны үшінші тараптан да алады. Ғалымдар бұл әдіс өз кезегінде анасы тарапынан мутацияға ұшырап диабет, құлақ естімеу секілді аурулардың баланы айналып өтуіне септігін тигізеді деп есептейді.

Операцияны америкалық хирург Джон Чан жасаған. АҚШ заңы әзірге мұндай операция жасауға мүмкіндік бермейтіндіктен, арнайы Мексика елі таңдап алынған.

Чанға иорданиялық жұп келіп, екі баласының Лея синдромынан қайтыс болғанын айтады. Операция кезінде Чан донор-әйелдің ДНҚ митохондриясын ананың аналық жасушасына ауыстырған. Осы арқылы оның жатырын Лея синдромынан сақтандырған. Бала өмірге келгеннен бері бес ай өтті. Әзірге оның денсаулығында алаңдайтындай жағдай туындамаған.

stan.kz