Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жер туралы заң талқыға салынады

Жер туралы заң талқыға салынады

Айқын-ақпарат
1049
Жер туралы заң талқыға салынады Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде жер заңнамасын жетiлдiру мақсатында құрылған жұмыс тобының отырысы өттi.

Вице-министр Ерлан Нысанбаев сөз басында шетелдiктерге жердi жалға беруге 2021 жылға дейiн мораторий жарияланғандықтан бұл мәселе қаралмайтынын атап өттi. Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 31,3 мың га жердi шетелдiктер жалға алып отыр. Жалпы, ел аумағында 100835,4 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бар және мұндағы шетелдiк жер пайдаланушылардың үлес салмағы  0,03 пайыз.
- Заң жобасын әзiрлеу барысында бiз үшiн барлық процедураның ашық түрде өткені маңызды.  Қазақстандықтарға жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң тiзiмi конкурс аяқталғанға дейiн ашық болуы керек. Ол халық тарапынан наразылық болмауы үшiн қажет. Комиссия құрамындағы қоғамдық ұйымдардың үлесi 50 пайыздан кем болмайды. Бұл конкурс өткiзетiндер арасындағы жемқорлыққа жол бермейдi, - дедi иице-министр.
Ерлан Нысанбаев бiрыңғай типтiк келiсiмшарт әзiрленіп, жер тиiмдi түрде пайдаланылуы керек екенін айтты. Егер жер сапасы нашарлаған жағдайда, жалға берiлген жер учаскелерiн қайтарып алу тетіктері жасалады. Әкiмдiктер жердiң мақсатқа сай пайдаланылуына жауап бередi. Жер аса тиiмдi бизнес-жобаларға да жалға берiлмек.
Вице-министрдiң айтуынша, заң жобасы көпшiлiк талқылауына ұсынылады. Оны ҚР Парламентi Мәжiлiсiне қараша айының соңында енгiзу жоспарланған.

 

bnews.kz