Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әзербайжандар Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдады

Әзербайжандар Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдады

Айқын-ақпарат
1033
Әзербайжандар Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдады Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы «Сайлау» ақпараттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Баку уақытымен сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, референдумға сайлаушылардың 69,7 пайызы, яғни 3 671 707 адам қатысты.

Еске салсақ, республикада сайлаушылардың жалпы саны 5 267 111 адамды құрайды. Ел Конституциясына өзгерістер енгізу үшін референдум бүгін,  таңертеңгі сағат 08.00-де басталып, кешкі сағат 19.00-де аяқталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бүкіл елді қамтитын 119 сайлау округтеріндегі 1000 сайлау учаскесінде веб-камералар орнатылды. 5 мың 600-ден астам сайлау учаскелері жұмыс істеді. Әрбір сайлау учаскесіне 10 байқаушыдан келді. 

Сайлауды байқау мақсатында Орталық сайлау комиссиясына ЕОПА мен өзге де халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 35 мемлекеттен 117 халықаралық байқаушы қатысты. Елдегі 5 мың 600 сайлау учаскесінде 53 мың байқаушы отырды.

Дауыс беру үдерісін қысқамерзімді байқау мақсатында Әзербайжанға Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына кіретін халықаралық парламент депутаттарының миссиясының өкілдері келді. Аталмыш миссияға Қазақстанның Парламент Мәжілісінің депутатты Нұрлан Дулатбеков жетекшілік етті.