Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Тальгоның» іші кеңейетін болды

«Тальгоның» іші кеңейетін болды

Айқын-ақпарат
776
«Тальгоның» іші кеңейетін болды Жолаушыларға ыңғайсыздау, іші тар көретін «Тұлпар-Тальго» вагондары енді кеңейтіліп шығарылатын болды.

Құрастырушылар осы кемшілікті ескеріп, вагондарды қайта жабдықтап жатыр. Қазір «Тальго» пойызының жаңа құрамы сынақтан өтуде. Астана мен Алматының арасы жақын емес, бірақ сағатына 200 шақырым жылдамдықпен 6,5 сағатта жетуге болады.
Коридор да 10 сантиметрге ұлғайды. Жататын орын жолаушыларға ыңғайлы болу үшін тағы 7 см қосылды. Кабинада тамақ ішуге арнайы орындар мен столдар жасалды. Туристік вагондарда кондиционерді автоматты түрде қолмен қосуға болады. Ал люкс вагонда әр жолаушы өзіне қай температураны қойғысы келеді, соны қоя алады. Жыл соңына дейін жетілдірілген 149 жаңа вагон пайдаланылуға берілмек. Енді Астана-Алматы және Алматы-Шымкент бағыттарында жаңа пойыздар жолға шығады.