Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өзбекстан әскери блоктарға қосыла ма?

Өзбекстан әскери блоктарға қосыла ма?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1345
Өзбекстан әскери блоктарға қосыла ма? Алдағы уақытта Өзбекстанның сыртқы саясатында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Ресми ташкент қанда да бір әскери блоктарға қосыла ма? Бұл мәселе саясатты сараптай алатын кез келген азаматты толғандырары хақ. Өйткен елді Ислам Каримов басқарған дәуірде өзбектер өз мүддесі тұрғысынан ғана саясат ұстанды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өз мүддесі тұрғысынан ғана саясат жүргізетін өзбек билігінің бүгінгі бет-бейнесі шындығында Каримовтың арқасында ғана жүзеге асқанын мойындауымыз керек. Мейлі, ел жабық жағдайда өмір сүрсін, бірақ Каримов сыртқы және ішкі саясатта мемлекеттің өз «менін» қалыптастырды. Басқа алпауыт елдерді мойындатты. Шусыз, дақпыртсыз. Ұрандатпай- ақ өзбек экономикасын, өзбек брендін қалпына келтіріп, дамытты. Сыртқы елдердің саяси шылауына ерген жоқ. Қайта өз мүддесі тұрғысынан өзбек саясатынын бекем екенін ұғындырды. Бір ғана мәселе, ТМД-ның бірқатар елдері кіретін Ұжымдық қауіпсіздің ұйымына керек кезде Каримов кірді, ал оның керексіз екенін ұғынғанда ешкімге ескертпестен шығып кетіп отырды. Мұның өзі ешкімге жалтақтамай ресми Ташкенттің сыртқы саясатта еркін өмір сүре алатынан көрсетті. Ал қажет болған уақытта Ауғанстандағы жағдайдың күрделенуіне байланысты өз елінде Өзбекстан АҚШ-тың әскери базасын орналастырды. Ал керексіз болған сәтте ресми Ташкент Вашингтоннан елдегі әскери базаны алып кетуді талап етті. Тіпті әлем ойыншылары алғашқы кезде «Каримов билігінің саясатын түсіну қиын, оларға тұрақты түрде сеніммен қарауға болмайды» деп те тон пішіп, пікір айтқан. Ал ақиқатында, ресми Ташкент өзбектік мүдде тұрғысынан ғана өз саясатын жүргізді. Мұның барлығы ақырында өз жемісін берді. Туризм мықты дамыды, елдегі халықтың 40-50 пайызға жуығы шағын және орта кәсіппен айналысады, сыртқы елдерде жүрген өзбек гастарбайтерлері елге миллиардтап ақша аударып жатыр. Қазір ел бір тілде ғана сөйлейді. Қысқаша айтқанда, Өзбекстан мемлекеттік қалыптасудың барлық формаларын сақтай отырып, Орта Азиядағы жетекші елдердің біріне айналды. Еуразиялық экономикалық Одаққа кіруден үзілді - кесілді бас тартқан Өзбекстан өз жолы болды. Демек, алдағы уақытта президенттікке ұмтлып отырған Шавкат Мирзиеев сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанады?
«Өзбекстан кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау туралы сыртқы саясатын ешқашан өзгертпейді». Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мәлім етті.
- Өзбекстан бұрынғыдай сыртқы саясатын өзгертпейді. Ресми Ташкент кез келген әскери-саяси блоктарға қосылмау жолымен жүре береді, сондай-ақ ел аумағында басқа да мемлекеттердің әскери базалары мен нысандарын орналастырмайды, - деді елдің Сыртқы істер министрі Камилов.
Өзбекстан СІМ басшысының хабарлауынша, республика халықаралық келісімдер мен екі немесе көп жақсы келісімдердегі міндеттерін орындай береді.
-Өзбекстан президенті БҰҰ трибунасынан тала мәрте сөз сөйледі, оның бастамаларын әлемдік қауымдастық қолдап келді, - деді республиканың Сыртқы істер министрі.