Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қарағандыдағы бір ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі

Қарағандыдағы бір ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі

Жадыра Аққайыр
1664
Қарағандыдағы бір ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы республика көлемінде атап өтіліп жатыр. Осыған орай алдағы уақытта Қарағандының бір ауданына Алаш арысының аты беріледі.

Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Дулат Аманжол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, сүйіншіледі. Жақында Қарағанды облысының орталығында Әлихан Бөкейхановтың ескерткішін орнату да жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет Алаш ардақтысының толыққанды 15 томдығы жарық көреді. 

Облыс әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков: "Менің қолымда қазір алғашқы 2 томы бар. Жалғасын әлі де табатын болады. Әрине, бұл келешек ұрпақты ұлттық мұратқа тартудың, Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп білемін. Ең бастысы бұл — көптің тілегі" - деп сөзін аяқтады.