Негізгі бет  /  мақалалар  /  30 отандық мейрамхана ЭКСПО-ға қызмет етеді

30 отандық мейрамхана ЭКСПО-ға қызмет етеді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
902
30 отандық мейрамхана ЭКСПО-ға қызмет етеді Алдағы уақытта ЭКСПО-ға келетін қонақтарға қандай отандық мейрамханалардың қызмет ететіні белгілі болады.

Бұл жайында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?  Қазір жеңімпаздар іріктелді ме? Қонақтар отандық тағам өндірісінің дәмділігін сезіне ала ма?

«Астана ЭКСПО -2017» ҰК» коммерцияландыру департаментінң директоры Дәулет Еркімбаев бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

  • Қазан айының соңына дейін Ұлттық компания  көрме кезінде  шара  алаңында қоғамдық тамақтану нысанын салу үшін операторларды іріктеп алуға ашық байқау жариялайды. Біз 30 мейрамхана мен  14 қоғамдық тамақтану дүңгіршегін салуды қарастырып отырмыз. Көрменің форматын ескере отырып, адам саны көп болатындығы күтілуде, осыған орай, әлем асханалары мен республика  асханасының әртүрлілігін  паш ету жоспарланып отыр, - деді Дәулет Еркімбаев.

Оның айтуынша, байқау  қазан айынан бастап  жылдың соңына дейін жалғасады.

  • 2017 жылдың басынан бастап аталмыш нысандар бойынша көрме  алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Нысандар жалға беру әдісімен  жұмыс істейді. Байқау тендерлік талаптар бойынша өтеді, алайда бұл ашық байқау болғандықтан, талаптар қатал емес, бюджеттік қаржы қарастырылмаған. Операторлар жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жасайды.  Іріктеудің талабы: тәжірибенің болуы, сапа, дизайн, бағалық саясат, - деді «Астана ЭКСПО -2017» ҰК» коммерцияландыру департаментінң директоры Дәулет Еркімбаев.

Байқауға әлемдік желілер де қатысатындығы айтып өтілді.

  • Біз әлемдік желілердің қатысқанын қалаймыз. Көрме аясында олар Қазақстанға кіре алар еді. 30 мейрамхананы біз қамтамасыз етсек,  20-сы қатысушы елдердің халықаралық павильондарында орналасады. Бүгінде 10 ел өздерінің асханаларын таныстыруға келісім берді. Сондай-ақ, олардың әр бірінде 14 дүңгіршек пен  4 оператор болады, - деді компания Дәулет Еркімбаев.

Ұйымдастырушылар байқаудың ашық өтетіндігін айтты,  ай соңына дейін талаптар туралы ақпарат компания сайтында жарық көретін болады.

Жобаның маңыздылығын ескере отырып, бұл байқауға аса көңіл бөлеміз. Аталмыш  бағытта бизнес саласы белсенді қатысатынынан үміттіміз. Көрмеге 5 млн адам келеді. Аталмыш саладағы бизнесті оң бағытта ынталандырады деген үміттеміз, - деді ол.