Негізгі бет  /  мақалалар  /  Аи-80 бензині арнайы тапсырыспен өндіріледі

Аи-80 бензині арнайы тапсырыспен өндіріледі

Айқын-ақпарат
742
Аи-80 бензині арнайы тапсырыспен  өндіріледі Қазақстанда Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқарады.

Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«2015 жылдан бастап Аи-98 бензиніне мемлекеттік реттеу тоқтатылған еді, ал 2016 жылы мемлекеттік реттеу дезильдік отынға да жүргізілмейді. Аталған мұнай өнімдеріне баға сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады, яғни нарықпен реттеледі. Бүгінде мемлекеттік реттеу Аи-80 бензинінің бағасына ғана бекітілген»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында қолданыстағы қуатты қайта жаңарту мен жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқаруда.

«Зауыттарды жаңғырту шаралары аяқталғаннан кейін, Аи-80 бензині тек кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің (ҚР ІІМ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі) арнайы тапсырысымен ғана өндіріледі. Аталған шара Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына орай іске асырылып отыр»,-деп хабарлады ведомстводан. 

 

ҚазАқпарат