Басты  /  мақалалар  /  Табиғаттың таңғажайып туындылары

Табиғаттың таңғажайып туындылары

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1625
Табиғаттың таңғажайып туындылары Әлемде адамзат тамсанып қарайтын, тылсым дүние мен табиғат өзі жасап берген таңғажайып туындылар өте көп.

Тек ондай сұлулықты көре білу керек. Тіпті өзіміз күнделікті болатын кейбір құбылыстарға да мән бере бермейміз ғой. Мысалы, адам көзін ашып тұрып түшкіре ала ма немесе біз әлемдегі ең үлкен 775 бөлмесі бар сарайды білеміз бе? Ал сол сарайдың  ыдыс жуушысы 22 мың доллар жалақы алатынынан хабардармыз ба?  Ендеше қарапайым және тылсым құбылыстардың сырына қаныққанның артығы жоқ. 

Әлемдегі ең үлкен үңгір. Бұл   Вьетнамның, Фонгня-Кебанг  ұлттық саябағында орналасқан Шондонг (Sоn  Doоng) үңгірі. Табиғаттың бұл ғажайып кереметі өзінің көлемінің үлкендігімен таңқалдырады.  Оның  ұзындығы – 9 шақырым, ені  - 150 метр, биіктігі – 200 метр.

Жергілікті тұрғындар  үңгірге 1991 жылы тап  болды, бірақ үңгірді зерттеу жұмыстары 2009 жылы ғана Говард Лимберт бастаған ағылшын спелеологтарымен  арқасында жүргізілді.  Зерттеулер нәтижесі Шондонг үңгірі 2,5 миллион жыл бұрын қалыптасқанын көрсетуде. Үңгірде жер асты өзені, өз джунглиі, климаты бар. Үңгір өте терең болғандықтан әртүрлі температурадағы ауа массаларының араласуынан үңгірде бұлттарды да байқауға болады. Шондонг үңгірі Малайзиядағы Бұғылар  үңгірінен  5  есе үлкен.

Ең үлкен сарай. Әлемдегі ең үлкен үй Букингем сарайы болып табылады. Оның 775 бөлмесі бар. Аталған сарайда ағылшын ханзадасы отбасының мүшелері тұрады.

Букингем сарайы алғашқыда Бакингем-хаус деген атпен белгілі болып, герцог Букингем үшін арналып салынған болатын (1703 жылдан бастап). Сарайды 1762 жылы ІІІ Георг (Ұлыбритания королі) болашақ монархтың жеке резиденциясы ретінде сатып алды (королдің ресми резиденциясы Сент-Джеймс қамалы көлемі мен сыртқы әрленуі жағынан ІІІ Георгке ұнамаған еді). 75 жыл бойына архитекторлар Джон Нэш пен Алупкин қамалының авторы Эдвард Блор Бакингем-хаусты негізге ала отырып, осы типтес үш ғимарат салды. Олардың барлығы біріккенде үлкен орталық алаңы бар шаршы нысанды құрайды.

Сарай 1837 жылы Виктория ханшайымның таққа отырғанынан бастап британдық монархтардың негізгі резиденциясы болып ресми түрде жарияланды. Виктория ханшайымның кезінде қамалға қосымша флигель салынып, мәрмәр қақпалы салтанатты жол Гайд-парктегі Ораторлар мекені аталатын бұрышқа көшірілді. Сарай қақпаларының алдында Виктория ханшайымының құрметіне салынған ескерткіш орнатылған. 500 блок каррар мәрмәрі сияқты артықшылықтардың есесіне құрылыстың жалпы құны 700 000 фунтты құрады.

1853 жылы ұзындығы – 36 метр, ал ені – 18 метр болатын, сарайдың ең қымбат және кең бөлмесі — балл өтетін зал салынып бітті. Бұл бөлме Виктория ханшайымның қаулысы бойынша салынды және 1856 жылы Қырым соғысының  аяқталуына орай пайдалануға берілді. Виктория ханшайымының ұлы және мұрагері VII Эдуард 1841 жылы осы сарайда туылып, 1910 жылы осы сарайда қайтыс болады. Сарай бөлмелерінің соншалықты қымбат әрі сән-салтанаты жарысып тұрса да, мұнда тұрған адамдар бақытты болмаған дейді. Өзінің естеліктерінде герцог Виндзорский (VIII Эдуард) сарай туралы: «сарайдың үлкен залдары мен бітпейтін ұзын дәліздері көгерген иіс сіңіргендей сезілетін. Мен ол иісті әркез сарайға аяқ басқан сайын сезем» деп жазады. Сарай архитектурасы туралы  пікірлер әртүрлі. Мысалы, «The Guardian» газеті сарайды әлемдегі ең ұсқынсыз ғимарат деп атаған.

Сарайдың алғашқы интерьері георгиандық стильде жасалып, жасанды мәрмәр мен көк және қызғылт лазуриттерден тұратын. VII Эдуард патша бұл стильді француздық Belle Époque мазмұнындағы ақшыл сары және алтын түстес бояуларға өзгертті. Сарайдағы шағын қонақ бөлмелер қытай стилінде жасалып, Брайтондағы патша үйі мен Карлтон-хаустан алынған жиһаздар бөлме қойылды. Қазіргі уақытта сарайда  775 бөлме бар. Олардың 19-ы мемлекеттік бөлмелер, 52-сі патшалық және қонақ бөлмелері болса, 188-ы қызметкерлер бөлмесі, 92-сі кеңселер, 72 жуынатын бөлмелер. Сарай орналасқан жердің жалпы көлемі 20 гектар. Оның 17 гектарын бақ алып жатыр. Букингем сарайының бағы Лондондағы жекеменшік бақдың ішіндегі ең үлкені. 1828 жылы осындағы үлкен жасанды тоған жасалып бітті.

Сарайда  ханшайымның көркемсуреттері,  Рембрандт, Руенстердің    жұмыстары қойылған. Топтамада француздық севр фарфоры, француз және ағылшын жиһаздары бар. Мұнда бассейн, пошта, тіпті кинотеатр бар. Ханшайым Букингемді екі айға (тамыз және қыркүйек) қалдырып кетеді. Осы екі айда сарайдың салтанатты жерлері келушілер үшін ашық болады. Сарайды гвардия жаяу әскерінің полкінен құралған сарай дивизионы мен Патша атты әскерінің гвардиялық полкі күзетеді. Әр күні 11:30-да сәуір мен тамыз аралығында (қалған айларда араға бір күн салып) қарауылдың ауысу рәсімі өтеді. Бұл мыңдаған туристтерді жинайтын Лондонның өте танымал рәсімі; Жазда сарайды көруге 30 000 қонақ келеді. Олар патша бағындағы көлді және сарқыраманы тамашалауға асығады.

Жақында бірқатар әлемдік  интернет Букингем сарайы 22 мың доллар жалақыға ыдыс жуушы адамдарды іздеп жатқанын хабарлады.  Бұл қызметті атқарушылар Букингем сарайында жылына 17 мың фунт стерлинг (663 503 теңге) табыс таба алады.

Міндеттемеде көрсетілгендей, болашақ ыдыс жуушы маман тек тікелей өз міндетін атқарып ғана қоймай, асханада аспазға да көмек көрсетуі керек. Жақсы жұмыс жасаған адам басқа қызметтерге де ауыстырылуы мүмкін. Іздеу мәтінінен байқалғандай ыдыс жуушыға аса қатты талап қойылмаған.

Жұмыс тәжірибесі қажет етілмейді. Тек өз міндетін лайықты атқарып, ұжымда өз-өзін жақсы ұстап, гигиеналық тазалықты сақтай алуы керек. Міне ең үлкен сарайдың ыдыс жуушысына дейін жалақыны жоғары алады. Алайда Англия үшін бұл жоғары табыс көзі саналмауы мүмкін. Бірақ біздер үшін бұл үлкен қаржы.

Ең кішкентай үй. Әлемдегі ең кішкентай үй де Ұлыбритания тұрғындарына тиесілі. Оның ені – 1 метр 25 см, екінші қабатта бір бөлмесі бар болса, бірінші қабат ас үйге арналған. Аталған үй жақында ғана сатуға қойылды, бағасы 175 мың фунт-стерлинг.

Ең лас қонақүй. Ең лас қонақүй Солтүстік Қытайда көрінеді. Аталған мейманхананы жөндеу және қайтадан жабдықтау кезінде одан 24 мың тонна қалдық шығарылған көрінеді.

Ең үлкен қонақүй. Әлемдегі ең үлкен қонақ үй – Сингапурдегі Стэмфорд мейманханасы. Бұл ғимарат 73 қабаттан тұрады. Десек те, Швейцарияда орналасқан «Еуропа» қонақүйінің бір ерекшелігі, ол теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан. Бір артықшылығы, бір мезетте 700 адамды қабылдай алады. Оны салуға 50 миллион швейцар франкі жұмсалды деген дерек бар.

Ең қымбат қонақүй. Ол Техас штатындағы Хьюстон қаласындағы «Жұлдыздар әлемі» қонақүйі. Оған бір күнге түнеп шыққаның үшін 3 мың доллардан астам қаржы төлеуге тура келеді.

Бір отбасына арналған ең қымбат үй. Бұл баспана Лондонның элиталы ауданында жалпы көлемі 2 гектар аумақты алып жатыр. Жері үлкен баспананың бағасы да удай. Жаңа қожайын оны 100 миллион долларға сатып алған. Білетіндердің айтуынша, онда 40 бөлме бар. Жанға жайлы керекті нәрсенің бәрі бар. Қырық бөлмелі пәтерде спорттық жаттығулар залы, тенниске арналған зал, сонымен қатар мұнда салтанатты кештер мен жоғары мәртебелі меймандарға арналған орындар бар көрінеді.

Ең қымбат жеке пәтерлер. Ол Лос-Анджелес қаласында орналасқан. Қазіргі құнын айтпай-ақ қояйық, 1980 жылы оның әр пәтері 6 миллион долларға сатылған көрінеді. Бұл пәтерлердің 9 бөлмесі бар. Мұнда қымбат әшекейлі заттарды сақтайтын сенімді сейф, құнды шарап сақтайтын қойма, үй кинотеатры мен жүзу бассейндері орналасқан.

Өлі теңіз мұхиттардан 7-8 есе тұздырақ.

Ең үлкен темекі. Кубаның Хосе Кастелар Каиро есімді тұрғыны ұзындығы 230 фут (шамамен 70 метр) болатын темекі орап шығарды. Бұл туралы UPI ақпарат құралы жазады.
Хосе осыған дейін де ұзындығымен ерекшеленген бірнеше темекі ораған бола­тын. Мәселен, 2001 жылы ол ұзындығы 36 фут болатын, 2003 – жылы 48, 2005 жылы – 70, ал 2008 жылы 149 футты құрайтын шы­лым дайындады. Соңғы шылымды әзір­­леуді ол ағымдағы жылдың 25 сәуірі­нен бастап, тек 3 мамыр күні аяқтады. Ку­ба­лық темекіге өзінің фермасында өсірілетін табакты ғана пайдаланған. Хосе өзінің соң­ғы жасап шыққан дүниесі Гиннес рекордтар кітабына енетініне сенімді. Қазіргі күні аталған темекі Гаванадағы Морро-Кабанья саябағына қойылды. Шы­лым Кубада мамырдың 2-7 аралығында өтетін FITCuba туристік көрменің негізгі экспонаты ретінде танылды, guinn essworldrecords.com сай­тының мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда әлемдегі ең ұзын темекі ретінде 2009 жылы Флоридада дайындалған темекі мойындалған. Оның ұзындығы 196 футты (шамамен 60 метр) құрайды.

Керек дерек

» Ішектерімізде 400 -ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.

» Қасқырлар 30 шақырым  қашықтықтан бөлтірігіне азық тасиды.

»  Құрбақалар еш нәрсе ішіп жеместен үш жыл бойы өмір сүре алады.

»  Адамдарды саусақ ізінен, ал иттерді мұрын ізінен тануға болады.

»  Көзіміз ашық тұрған күйде түшкіру мүмкін емес. 

»  Ыстық су суық судан да ауыр болады.

»  Адамдар жылына 1500  рет түс көреді.

»  Кетчупты бұрын дәрі ретінде қолданған.

»  Аққұба түсті адамдардың қара торыларға қарағанда шаштары қалын болып келеді.

»  Адам күніне 23 мың рет тыныс алады.

»  Дүниеде ең көп қолданылатын есім – Мұхаммед.

»  Денеміздегі ең күшті бұлшық ет – тіл.

»  Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.