Негізгі бет  /  мақалалар  /  Президент ауруларды Құранмен емдейді

Президент ауруларды Құранмен емдейді

Айқын-ақпарат
803
Президент ауруларды  Құранмен емдейді Гамбия президенті Яйя Джамме СПИД дертімен ауырған адамдарды емдеу тәсілін тапты.Ол Құранда аты аталған 7 емдік шөп арқылы ем жүргізетінін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, ол СПИД-пен ауыратын адамдарды Банджула ауруханаларының бірінде емдеп келеді, деп хабарлайды іslam.kz.

Ем дүйсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі. Бір уақытта 10 адамды емдей алатынын айтқан Гамбия басшысы сенбі, жексенбі күндері астмаға шалдыққандарға ем жасайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Джамма бұған дейін өз елінде біржыныстық қатынасқа өмір бойы түрме жазасын кесу туралы заң шығарған болатын. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Гамбия ислам республикасы деп ресми жарияланды.

 

stan.kz