Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әкімдер Сағынтаевтан сын естіді

Әкімдер Сағынтаевтан сын естіді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
800
Әкімдер Сағынтаевтан  сын естіді  Бүгінгі Үкімет отырысында премьер –министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар әкімдердің жұмысын сынға алды.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға арналған Үкімет отырысы барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімін рейтинг қумай, жүйелі жұмыс істеуге шақырды.

  • Сіздің өңірде қанттың, қарақұмық, тұз, ет пен пияздың бағасы өсіп жатыр. Аграрлық аймақ саналатын сіздің өңірде нанның ең қымбат бағасы тіркеліп отыр, - деді Б.Сағынтаев.

Осы орайда Премьер-министр әлеуметтік маңызы зор тауарлардың бағасын тұрақтандыруда жүйелі жұмыс істеу керектігін айтты.

  • Ерік Хамзаұлы, дауласып, саудаласудың қажеті жоқ, жүйелі жұмыс қажет. Екіншіден, бізде мына-мына туарлардың құны республикалық деңгейден төмен деп салыстыруыңыз дұрыс емес, тек өз өңіріңізге, өз өңіріңіздегі өмір сүру деңгейіне және өз бағаларыңызға жауап беріңіз, - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жұмысындағы  әкімдіктердің  әреетін сынға алды.

  • - Әрине, бірінші кезекте біз бағаның негізсіз өспеуін бақылап отыруымыз керек. Маусымдық және басқа да себептермен тауар құнының жоғарылауы орын алады, бірақ та бағаға қатысты тиісті шешімдер жасалғанымен,  көп жағдайларда жұмыстардың атқарылмауы салдарынан өсіп жатады. Бізде өндірісті және өнімнің саудасын іске асыруды ынталандыруға байланысты, бағаны ырықтандыруға тетіктер жеткілікті. Алайда, бұл тетіктер жұмыс істемей тұр. Отырыста байқағанымыздай, жергілікті жерлерде әкімдіктер тарапынан қадағалау болмай тұр,-деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Осы ретте Б. Сағынтаев бағаны ырықтандыруда жүйелі шаралар қабылдау керектігін қадап айтты.

  • Біздің кейбір әріпстестеріміз лауазымдарын алғаннан кейін базарларға барып, бағаларды инспекциялап жатады. Дегенмен де олар барған кезде, базарларда тауарлар мен өнімдер бағасын саудагерлер лезде төмендетіп тастайтынын өте жақсы біледі. Олар кеткеннен кейін саудагерлер ескі бағаны қайта қояды. Бұл өз кезегінде беделқұмарлықтан басқа ештеңені бермейді. Сондықтан нақты қажетті жүйелі шараларды жүзеге асырыңыздар,-деді ол.

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты да сынға алды.

  • Жамбыл облысында картоп көп көлемде өндiрiледi. Қолда бар мәлiметке қарағанда, өндiрiлген өнiмдi ешкiм алмайды, баға көтерiледi. Ешқандай сақтайтын орындар жоқ. Өндiрiлген өнiмнiң 800 мың тоннасы бостан-босқа шiрiп кеттi. Екiншiден, тұрақтандыру қорының 430 млн теңге депозитте пайдаланылмай жай жатыр, - дедi Б.Сағынтаев.

Ал Астанада жарма мен тұз бағасы қымбаттаған. Екi жағдай бойынша да құжаттар монополияға қарсы мекемеге тапсырылыпты. Премьер-министр баяндамашыдан елорда жанындағы азық-түлiк белдеуiнiң тиiмдiлiгiн сұрады. Қала әкiмiнiң орынбасары тұшымды жауап бере алмады.

Алматы қаласында қарақұмық бағасы айтарлықтай қымбаттаған әрi тұрақтандыру қорында да жоқ. Б.Сағынтаев қала әкiмiне мәселенi шешудi тапсырды.