Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұлттық қордан қаражат бөлу қысқартылады

Ұлттық қордан қаражат бөлу қысқартылады

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
823
Ұлттық қордан қаражат бөлу  қысқартылады «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылым мен тұрғын үйдің құрылыс көлемі биыл 6,7 пайызға өсті.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев үкімет сағатында мәлім етті.

  • ­Тұрғын үйді пайдалануға беру қаңтар-тамыз айларында 14 пайызға өсті, яғни 6,37 млн шаршы метрге көбейді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің көлемі 26,7 пайызға өсті – 3,1 млн шаршы метрге дейін, жеке тұрғын үй 4 пайызға өсті – 3,3 млн шаршы метрге дейін, - деді Қ.Бишімбаев.

Минстрдің айтуынша, мемлекеттік қаражат есебінен салада оң өзгеріс сақталған және оған 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Министрліктің мәліметі қарағанда, тұрғын үй құрылысының артуы Павлодар облысында – 42,9 пайыз, Ақмолада – 42,8 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда - 38,7 пайыз және Солтүстік Қазақстан облысында 33,1 пайызға өскені байқалады. Сонымен қатар, Қостанай облысында 8,7 пайызға төмендеу тіркелген.

Сонымен қатар Ұлттық экономика министрі мұнай бағасының төмендеуі қаржы саласына да зардабын тигізіп отырғанын жасырмады.

  • Мұнайдың төмен бағасын ұстап тұру тәртібінде Ұлттық қорды сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Біздің базалық жоспар бойынша  Ұлттық қордан бөлінген  жыл сайынғы трансферттің көлемі 2017 жылы 1,4 трлн теңгеден және 2018-2019 жылдары 1,0 трлн теңгеден артық болады. 2018 жылдан бастап  Ұлттық қордан тартылатын қаражат айтарлықтай қысқартылатын болады, - деп атап көрсетті  Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ведомствода  Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұжырымдама жылдың соңына дейін әзірленіп, Үкіметтің қарауына ұсынылмақ.

  • Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жою, апаттық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. 2015-2016 жылдары 77,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылы – 19,4 млрд теңге, 2016 жылы- 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысандарының құрылысы үшін бөлінді. Олардың ішінде - 77 мектеп және 19 балабақша бар, - деді Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні білім берудің 41 нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 21 мектепті үш ауысымды оқытуды жою үшін пайдалануға берді, 6 мектеп апаттық  жағдайда тұрған мектептерді алмастырды  және 14 балабақша ел игілігіне тапсырылды.

Президент тапсырмасына орай «Нұрлы жер»  бағдарламасы жүзеге асып, халықтың көз-қуанышына айналмақ.

  • Барлық тұрғын үй құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын бұқаралық құрылыс алаңында жүргізуді қарастырып отыр.  Басымдықты түрде ИКИ жаппай құрылыс ауданында жүргізіледі, - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша,  бұл мақсатқа  2015-2016 жылдары 151,8 млрд теңге бөлінді. 2015 жылы 40,3 млрд теңге, 2016 жылы 110,9 млрд теңге бөлінді.

Соның арқасында 2013-2017 жылдары  101 мыңға жуық жаңа жер учаскесінң инженерлік инфрақұрылымы дайын болады.  Бұдан бөлек осы уақытқа дейін берілген  57,4 жер учаскесіне инженерлік желілер тартылады. Соның нәтижесінде қосымша 43,5 мың жер жаңа учаске дайындауға мүмкіндік бар. 2017 жылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту шараларына тағы 84 миллиард теңге жұмсалады, - деді Қ. Бишімбаев.

Ұлттық экономика министрі сонымен қатар, жекешелендіру үрдісі одан ары жалғасатынын айтты.

  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жекешелендіру үрдісін жандандыру үшін Үкіметпен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешендік жоспары бекітілді. Оған 783 жекешелендіру нысандарының тізімі, сонымен қатар ТОП-65 ірі компаниялар кіреді. Бұлар мұнай-газ, темір жол, атом, энергетикалық және тағы да басқа ұйымдар, - деді Қуандықө Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні тауар нарығының талдауы аясында квазимемлекеттік сектор компаниялары анықталуда және олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді.

  • Бәсекеге қабілетті ортаға тапсыру мақсатында министрліктер мен ведомстволардың ведомство асты ұйымдарына қайта түгендеу жұмыстарын жүргізу керек. Осылайша, жекешелендіру нысандарының тізімі толығып отырады. Оның басты мақсаты – экономикаға мемлекеттің қатысуын ЭЫДҰ елдерінің деңгейі – 15% дейін төмендету, - деді министр Қ. Бишімбаев.  

Министр осы орайда «экономикалық өсім барған сайын шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады. Металлургия өнімдерінің өндірісі 8,3 пайызға, азық-түлік 3,8 пайызға, мұнай өңдеу 0,6 пайызға, пластмасса 2,4 пайызға, сонымен қатар фармация 2,5 пайызға өсті», - деп атап өтті.

Ұлттық экономика министрі шикізаттық емес тауарлар үлесі экспорт құрылымында да ұлғайтылғанына тоқталды.

  • Жоғары өңделген өнімдердің экспорты өсті – бұл тамақ өнеркәсібі: қант және тәтті тағам өнімдері 17,2 мың тоннаға дейін, яғни 84,0 пайызға  май және тоң май 26,9%, ет және ет өнімдері 12,5 пайызға өсті, химиялық тыңайтқыштар: 82,2 пайызға (114,5 мың тоннаға дейін), тоқыма материалдар 4,4 пайызға, дайын металл өнімдері: мойынтірек 51,2 пайызға өсті, - деді Қ. Бишімбаев.