Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстанда қанша көлік бар?

Қазақстанда қанша көлік бар?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1420
Қазақстанда қанша көлік бар? 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жеңіл автомобильдер саны 6 млн 134 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен хабарланды.

- 2016 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 394 мың 374 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жеңіл автомобильдердің барлық саны 6 млн 134,0 мың бірлікті құрады. Соның ішінде тіркеуден шығарылған 2276 мың, тіркелгендер 3858 мың шамасында, - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, 2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізде тіркелген автокөліктер саны 394374-ті құраса, оның ішінде ең көп үлес Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі болып отыр (53 мың 551 бірлік). Одан кейінгі орындарда Алматы облысы 52 397 бірлік, ал Алматы қаласында 46 мың 616 көлік тіркелген. Есепті кезеңде автокөліктер ең аз Солтүстік Қазақстан - 9 мың 445, Атырау - 11 470 және Батыс Қазақстан - 12 098 облыстарына тиесілі болды.