Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көршіміз қуантып жатыр

Көршіміз қуантып жатыр

Айқын-ақпарат
753
Көршіміз қуантып жатыр «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтың бизнес делегациясымен кездесу өткізді.

Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу - бір жол» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.    

Айта кетейік, Азия инвестициялық-қаржылық тобы халықаралық инвестициялық холдингтік компания болып табылады. Компания Қытай Халық Республикасында инвестициялық бизнес, металл мен минералдарды сату, тауар мен қызмет көрсетулерді экспорттау саласындағы қызметті жүзеге асырады.