Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жолы жөнделген елдің экономикасы еңселі болады

Жолы жөнделген елдің экономикасы еңселі болады

Айқын-ақпарат
1420
Жолы жөнделген елдің экономикасы еңселі болады Елдің әлеуетін арттыратын да, қандай мемлекет екенін айтқызбай-ақ айғақтайтын да бір сала бар. Ол сөз жоқ – жол. Жол – бақуатты тірліктің қайнар көзі һәм өркениетті өмірдің өзегі.

Бүгінгі жеделдік пен іскерлікті, санмен қоса сапаны талап ететін заманда орталықпен барлық аймақты байланыстыратын және көршілес елдерге шығатын күре жолдарсыз елдің экономикасы мен әлеуетінің артуын елестету қиын. Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзиттік автожолы, тарихтағы Ұлы Жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін салу идеясы алғаш 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында бекітілген болатын. Елбасының бастамасымен 2016 жылдың 6 сәуірінде          2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын да жұрт жақсы біледі. Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған. Бұл кешенді бағдарламаның әзірше жолға қатысты тұсын ғана сөз еткенді жөн көрдік. Құстың қанаты талатын, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жеріміздегі аймақтарды сапалы жолмен байланыстыру қажырлы еңбектен бұрын қыруар қаражатты қажет ететіні айтпаса да түсінікті. Дегенмен атқарылған істерді бір қорытып, алдағы жоспарларға да назар аудара кеткенді құп көрдік. 

Бүгінгі таңда аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 16 жоба қолға ал­ын­­ған. Оның 11-і автомобиль жол­да­ры­на тиесілі болса, 2 жоба темір жолдың ен­ші­­сінде. Су көлігі, әуе көлігі және логис­ти­ка са­­лаларының әр қайсысында бір-бір жо­ба­дан бар. Енді осы салалардың ішінен ау­қымды тақырып, күре жолдардағы ат­қарылып жатқан істерді тарқатып көрейік. 
2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфроқұрылымды дамыту Мем­ле­кет­­тік бағдарламасы аясында ұзақтығы        7 мың шақырым болатын 11 автожол жо­ба­сын жүзеге асыру қарастырылған. Бүгінгі таң­да ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Ас­та­на – Ақтөбе – Атырау – Ақтау, Алматы – Өскемен, Астана – Петропавл – РФ ше­карасы, Орал – Каменка автожолдары жо­баларын жандандыруға күш салып ке­ле­ді. Бөлінген қаржыны шашау шығармай көз­делген мақсатта игеру, істің ілгері жыл­жу­ына сеп болатыны белгілі. Айталық, 2015 жылы республика бойынша 292 млрд тең­ге игерілген екен. Бұл қаражатқа 456 ша­қырым жолдың жұмысы аяқталған. Ал 2016 жылға 332,2 млрд теңге қаржы қарас­ты­рылған. Жыл соңына дейін 800 ша­қ­ы­рым­ға жуық жол жөнделеді деген жоспар бар. 
Егер салынып жатқан автожолдардың қа­зіргі жай-күйін бағыттар бойынша тар­қатар болсақ, бірқатар шаруаның реттеліп қал­ғанын көреміз. Мәселен, Астана мен Ал­матыны жалғайтын күре жолды талапқа сай етіп жасау жұмыстары 2013 жылы Ас­тана – Теміртау (171 шақырым) учаскесі мен Алматы – Қапшағай (104 шақырым) учас­кесінде басталып кеткен болатын. Бү­гін­гі таңда Астана – Теміртау учаскесінде 12 шақырым, Алматы – Қапшағай учас­ке­сін­де 72 шақырым жол пайдалануға беріл­ді. Биылғы жылға жыл соңына дейін Ас­та­на – Теміртау (159 шақырым) және Алматы – Қапшағай (32 шақырым) жолдарында қоз­ғалыс ашу жоспарлануда.
Ал Астана – Өскемен бағыты бойынша 2013 жылдан бері Астана – Павлодар (441 шақырым) және Павлодар – Семей – Қал­ба­тау (473 шақырым) учаскелерінде жол құ­ры­лысының жұмыстары жүріп жатыр. Бү­гінгі таңда 218 шақырым жол пайда­ла­нуға берілді. Оның 47 шақырымы Астана – Павлодар, 171 шақырымы Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелеріне тиесілі. Биыл бұл бағытта 516 шақырым жолдың (Астана – Павлодар – 394 шақырым, Пав­ло­дар – Семей – Қалбатау – 122 шақырым) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл со­ң­ын­да Астана – Павлодар учаскесінің 200 шақырым болатын бір бағытын ашу жә­не 12 шақырымды құрайтын Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Яғни, жолаушыларға жол азабын тарттырмау үшін барлық амал жасалып жатыр. 
Бір атап өтер жайт, елімізде жол салу, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу бар­лық өңірлерде жүзеге асырылып жа­тыр. Рес­публиканың төрт құбыласында да бұл іс­ қарқынды жүргізіліп жатыр. Әдетте, эко­­номист мамандар қаржылық дағдарыс­тар кезінді көлік-логистикалық кешендер­ді дамыту, жаңа жолдар салу ел эконо­ми­ка­сына серпін беретін іс екендігін айтады. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы ұлы депрессия кезінде АҚШ-та жол салуға айырық­ша көңіл бөлініп, сол арқылы да ха­лық­тың әлеуметтік жағдайын түзеу мүм­кіндігі болғанын жиі айтады. Қазақ­стан­дағы жолдардың жедел салына бастауы бірінші кезекте ел дамуына ықпал ететін болса, екіншіден жаһандық сауда-сат­тық­та өз үлесімізді алу үшін қажет. Рес­пуб­ли­ка­ның транзиттік мүмкіндіктерін пайда­ла­ну да өте маңызды. Сондықтан елдің кез кел­ген бағытындағы жолдарды дамыту маңызды болып отыр. Бүгінде бұл бағытта атқарылып жатқан істер аз емес. Мәселен, Астананы елдің батыстағы аймақтарымен автомобиль жолдары арқылы байланыс­тыру үшін Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақ­тау бағыттарындағы жобалар жүзеге асы­ры­­­лып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс­тар­ ұзақтығы 470 шақырым болатын Бей­неу – Ақ­тау учаскесінде жүріп жатыр. 2014 жы­лы 200 шақырым пайдалануға берілген бо­ла­тын. Биыл құрылыс жұмысы жүріп жатқан 270 шақырым жолдың 100 ша­қы­ры­мын жылдың соңында аяқтау көзделген және Бейнеу – Шетпе аралық жол толы­ғы­мен қайта жаңғыртылатын болады. Со­ны­мен қатар құрылыс жұмыстары Ақтөбе мен Атырау арасында ұзақтығы 26 ша­қы­рым болатын 2 учаскеде жүргізілуде. Ал Ал­­маты – Өскемен бағытындағы жол құ­ры­лысына тоқталар болсақ, әзірге бұл ба­ғыт­тағы құрылыс жұмыстар қашықтығы 141 шақырым болатын Қапшағай – Тал­ды­қорған учаскесінде жүріп жатыр. Қазіргі уа­қыт­та 53 шақырымы пайдалануға беріл­ді. 2016 жылы қалған 88 шақырымда құры­лыс жұмыстары жүргізілуде. Алдын-ала жоспар бойынша жыл соңында оның 64 ша­қырымы аяқталып, пайдалануға беріле­ді. Сонымен қатар биыл Астана – Петро­павл – РФ шекарасы бағытында да жол са­лу жұмыстары жүріп жатыр. Дәлірек айт­­қанда, бұл бағыттағы жұмыстар СҚО территориясындағы Көкшетау – Петро­па­вл учаскесінде жасалуда. Жалпы, ұзын­ды­ғы­ 87 шақырымда құрылыс жұмыстары қа­з­ір қызу жүргізілуде. Жаңа жылға дейін Астанадан Петропавлға дейінгі жол толық ашылады. Аталған бағыттардан бөлек, 20­16­ жылы Орал – Каменка бағытындағы жол­­­ды қайта жаңғырту жұмыстарына би­ыл 5,6 млрд теңге қаржы қарастырылған. Қазір 100 шақырым жол жөнделіп жатыр. 20­18 жылы бұл бағыттағы жол жөнделіп, толықтай пайдалануға беріледі. 
Мінеки, еліміз бойынша орталықпен аймақтарды байланыстыратын күре­ жол­дар­дағы жүріп жатқан құрылыс жұмыс­та­ры­ның барысы әзірге осындай. Осы күнге дей­ін қарқын алып, атқарылған жұмыстар же­терлік және алдағы жоспарлардың да тү­б­е­гейлі орындалатын күні алыс емес. Бұл жұмыстардың барлығы ел эконо­ми­ка­сы­ның дамуына серпін беретін жобалар. Әрі мыңдаған адамға жұмыс тауып та беріп отыр.

 

А.ІЗГІЛІК