Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұрлы жер» түгенделетін болды

«Нұрлы жер» түгенделетін болды

Айқын-ақпарат
732
«Нұрлы жер» түгенделетін болды Үкіметтің отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ол еліміздің жер қорын түгендеп, қалалардың бас жоспарына өзгеріс енгізуді жүктеді.

- Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету бойынша жаңа тетіктерді әзірлеуді тапсырған болатын. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігіне құзіретті мемлекеттік органдар мен әкімдермен бірлесе отырып, тұрғын үй құрылысына арналған бірыңғай «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оған қазіргі тұрғын үй бағдарламаларының механизмдерін енгізу керек, - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.
Ал Ауыл шаруашлығы министрілігі жер қорын түгендеп шығуы тиіс. Әкімдер болса, қалалардың бас жоспарын өзгерту бойынша тиісті ұсыныстарын жасауы қажет.
- Президент аталған бағдарламаның маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Оны халықпен, бизнеспен кеңінен талқылау қажет, - деді Б.Сағынтаев.