Негізгі бет  /  мақалалар  /  Дәурен Абаев: Меморгандар БАҚ - қа түсінікті ақпарат беруі тиіс

Дәурен Абаев: Меморгандар БАҚ - қа түсінікті ақпарат беруі тиіс

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1055
Дәурен Абаев: Меморгандар БАҚ - қа түсінікті ақпарат беруі тиіс Мемлекеттік органдар сапалы, түсінікті және қызықты ақпаратты беруі тиіс.

Бұл туралы Астанада коммуникациялық медиа-менеджмент және қаржылық сауаттылық тақырыбындағы семинарда Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

- Атқарылатын іске қатысты дұрыс қатынастың болуы, осы ретте өз ісіңнің кәсіби маманы болуы да өте маңызды. Біз қарқынды өзгерістер болып жатқан уақытта өмір сүрудеміз. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында бүгінгі күннің ақпараттық бейнесі алуан түрлі. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде оқиғалар желісінің кең шоғыры көрініс табуда, яғни бұл тұрғыда отандық валюта бағымынан бастап, басқа жартышардағы табиғи апатқа дейін қамтылады. Бізге барлық ақпарат қызықты және оның баршасын білуіміз керек,-деп тоқталды министр.
Бүгінде ньюсмейкерлердің саны да айтарлықтай артқанына тоқталған Д. Абаев, әлеуметтік желілер мен қолжетімді гаджеттердің арқасында қызықты ақпараттық авторы ретінде интернеттің кез келген пайдаланушысы бола алатынын жеткізді.
Сонымен қатар министр халықпен тиімді коммуникациялардың тетіктерін ұдайы жетілдіріп отыру керектігін айта келе, «бұған үнемі Мемлекет басшысымыз назар аударуда. Бүгінде мемлекеттік органдар күнделікті халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға негізделген стратегиялық бағдарламалардың ондаған бағыттарын іске асыруда. Алайда, осындай жұмыстың ақпараттық нәтижесін қанағаттанарлық деп айту қиындау,-деді.
Осы ретте Д. Абаев атқарылған жемісті жұмыстар тиісті деңгейде жұртшылыққа жеткізілуі қажет, бүгінгі ақпараттық шынайылықта баршасы тиімді жұмыс істеу керектігін атап өтті.
- Ол үшін мемлекеттік органдар сапалы, түсінікті және адамдар үшін қызықты ақпаратты беруі тиіс,сондай - ақ барынша жеделділік танытып, БАҚ-пен сенімге негізделген іскерлік байланыстарды құру керек,-деді министр.
Аталған семинарды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі ұйымдастырып отыр. Шараға мемлекеттік құрылымдардың топ-менеджерлері, бас редакторлар, баспасөз қызметінің және журналистік пулдың өкілдері қатысуда. Семинар барысында спикерлер ретінде медиа-саладағы беделді адамдар мен сарапшылар шақырылды.