Негізгі бет  /  мақалалар  /  Полигонның жерін пайдалануға бола ма?

Полигонның жерін пайдалануға бола ма?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
890
Полигонның жерін пайдалануға бола ма? «Семей ядролық сынақ полигоны аймағының шамамен 80 пайызы болашақта ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Қазіңр осыған байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр.

- «Қазақстандағы адамдардың қауіпсіздігі, Семей ядролық сынақ полиганының жабылуы, сынақтарды тоқтату өте маңызды мәселе және қазіргі таңда ядролық сынақ кейбір елдерде әлі күнге дейін өткізілуде. Қазіргі таңда Семей ядролық сынақ полигоны жабық, ал оның жерлері қор ретінде босқа тұр, ал оған  рұқсат алынбай полигонда ешбір жұмыс жүзеге аспайды». Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік институтының Оқу және ақпарат орталығының басшысы Юрий Стрельчук Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Юрий Стрельчкутің айтуынша, Ұлттық ядролық орталық  ядролық сынақтардың салдарын зерттеу бойынша бірқатар жұмыстарды атқарып жатыр. 
- Біздің жасаған зерттеулеріміз аумақта радиоактивті заттардың деңгейі астарлы көрсеткішке сәйкес екендігін көрсетеді және бұл аймақты ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға әбден болады. Сонымен қатар, қолдануға жарамсыз  жерлер де баршылық, - деді ол.
Сарапшының айтуы бойынша, басты назар аудадарлық мәселе,  ядролық сынақтардың өткізілген алаңдарда болып отыр.
- Шамамен 10 пайыз  аймақтың 80 пайызын алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға болады,- деді ол.
Семей ядролық сынақ полигоны- КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан. КСРО кезеңінде Қазақстан аймағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылғы 29 тамызда таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Полигонды жабу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыршешті шешімі тарихта жаппай қырып-жою қаруын таратпауды нығайту қадамында, елдер арасында әскери шиеленісті азайтуда алғашқы қабылданған шешім болды.