Негізгі бет  /  мақалалар  /  Елбасы Самарқандқа келді

Елбасы Самарқандқа келді

Айнұр Қазыкенова
1434
Елбасы Самарқандқа келді

Қыркүйектің   2 күні  дүниеден  өтіп,  3  күні  өзі  туған  Самарқандта   жерлеген   Өзбекстан президенті  Ислам  Кааримовтың   рухына  тағызым  ету  үшін  бүгін  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сапар аясында Ислам Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесу жоспарланған.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездеседі.Әрине  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға   сапарлай келуінің  жөні  бөлек. Біріншіден мемлекет басқаруда  отыз  жылдай аралас-құралас болған   өзбек  президентіне  дұға бағыштау,  екіншіден уақытша   президент   міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевпен  кездесіп,    екі  ел арасындағы  қарым-қатынасты,  алда болатын  президент сайлауы жөнінде  кеңеспек.  Өйткені халықаралық жағдай қиындап,  экстремизм мен тероризм  асқынып  тұрған   кезде көрші   елдегі  тұрақтылық  ең басты  мәселе екені белгілі.

                                    Айнұр  Қазыкенова