Негізгі бет  /  мақалалар  /  Пайыздық ставка 2 есе төмендетіледі

Пайыздық ставка 2 есе төмендетіледі

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1168
Пайыздық ставка  2 есе төмендетіледі “Қазақстанда ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка кемінде 2 есе төмендетіледі».

Бұл туралы АқордадаР Президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

–Қазір пайыздық ставкалар барынша жоғары болып отыр. Бізде есептеулер жүргізу қажет. Біз ипотекалық несие бойынша пайыздық ставка кемінде 2 есе төмендейтіндігіне үміт артамыз, - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің атап өтуінше, Президент тапсырмасына сәйкес, ипотекалық несие бойынша пайыздық ставканы төмендету субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұған қоса, қаржы нарығынан бюджеттен тыс қаржы тарту арқылы, «Тұрғынүйжинақбанкі» желісі арқылы құрылыстар да жалғасады. Бұл қаражаттың құнын төмендету үшін мемлекеттік қолдау тетіктері де қарастырылмақ. Соңғы нәтижеде бұл мемлекетке арзанға түседі және негізгі қаржы салмастан тұрғын үйдің қажетті көлемін салуға мүмкіндік береді.