Негізгі бет  /  мақалалар  /  Солтүстік Корея ядролық сынақ жасады

Солтүстік Корея ядролық сынақ жасады

Айнұр Қазыкенова
1220
Солтүстік Корея ядролық сынақ жасады Солтүстік Корея тағыда әлемді үрейге қалдырды. Жұмаға қараған түні Солтүстік Корея кезекті бесінші рет ядролық сынақ жасады. Кейінірек Пхеньян баллистикалық зымырандарын ядролық оқтұмсықтармен жарақтандыруға қауқарлы екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Пхеньян ядролық бағдарламасын дамытуды жалғастыра беретінін ескертті. «Егерде  АҚШ бастаған алпауыттар  әлімжеттік  жасауын  қоймайтын  болса,  амалсыз  ядролық  оқ тұмсықтарды  АҚШ-қа  бағыттауға  тура келеді»  деп  мәлімдеді  ресми Пхеньян. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жасауына байланысты бүгін шұғыл жиын өткізеді. Жиын өткізуді Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония басшылары ұймдастырды. АҚШ президенті Барак Обама ядролық сынаққа қарсы «салмақты шаралар» жасауға уәде етті. Ол АҚШ-тың Жапония мен Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореялық көршілерінен қорғауда қолдан келгенді жасауға дайын екенін мәлімдеді. Пхеньянның әрекетін Жапония мен Қытай да айыптады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Солтүстік Корея сынағын «алаңдататын және қайғылы оқиға» деп атады. Бір еске  сала  кететін  жайт, 2006  жылы ресми  түрде  ядролық қаруын  сынақтан  өткізген  Солтүстік Корея осылайша әлсін-әлсін  әлемді   атом  қаруымен  үркіту  үстінде. 

Айнұр  Қазыкенова