Негізгі бет  /  мақалалар  /  Байбек пен Сапарбаевтың айлығы қанша?

Байбек пен Сапарбаевтың айлығы қанша?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1156
Байбек пен Сапарбаевтың айлығы қанша? Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек журналистерге қанша жалақы алатынын айтты. Қала басшысының еңбекақысы 600 мың теңге шамасында.

- Айына 600 мың теңге шамасында аламын. Еңбек өтіліне қарай жалақыны үкімет бекітеді. Бұл құпия емес, - деді Алматы әкімі.
Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айлық-жалақысы 863 мың теңгені құрайды екен. Бұл туралы "Диапазон" порталы хабарлады. 
Ал, ай сайын облыс басшыларына бюджеттен 3 миллион 300 мың теңге жұмсалады. Бұл қаражаттың ішінде Сапарбаевтың жалақысынан бөлек оның бес орынбасарының айлық табысы да кіреді. Атап айтқанда, Ғали Исқалиев - 461 000 теңге, Жаңабай Бексары - 503 000 теңге, Асқар Биахметов - 507 000 теңге, Асқар Шериязданов - 511 000 теңге және Мұхтар Жұмағазиев ай сайын 518 мың теңге жалақы алады.
Ақтөбе қаласының әкімі Ільяс Испановтың айлық-жалақысы 451 мың теңгені құрайды. Ал, оның орынбасарлары басшысынан қарағанда әлдеқайда аз алатын көрінеді. Мәселен, Жандос Байырханов - 194 000 теңге, Қуантқан Алимов - 203 000 теңге, Нағымжан Алдияров - 194 000 теңге, Мадияр Қабыл 199 000 теңге айлық-жалақы алады екен.