Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бензин бағасы көтерілді

Бензин бағасы көтерілді

Айқын-ақпарат
781
Бензин бағасы көтерілді Астанада кейбір жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады.

Мысалы, Helios бекеттерінде АИ-92 бензинінің литрі 129 теңгеден босатылуда. Бұрын Аи-92 жанармайы Helios-те 126 теңге болатын. Сонымен қатар мұнда Prime-Аи-95 маркалы бензиннің де бағасы 149 теңгеден 152 теңгеге өскен. 

«ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі «Аурика» бекеттерінде де бензин бағасының өскенін анықтады. АИ-92 бензині мұнда 129 теңгеден сатылуда.

Синойл жанармай бекеттерінде бензин бағасы сәл арзан. Онда бензин литрі 127 теңге деп бекітілген. «Номад» бекетінде 126 теңге. Қаладағы бензиннің төмен  бағасы «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінде 125 теңге деп белгіленген. 

 

Сондай-ақ, Алматы қаласының жанар-жағармай бекеттерінде де бензиннің бағасы көтерілді.

 

kazinform.kz/