Негізгі бет  /  мақалалар  /  С. Рокфеллер: Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін

С. Рокфеллер: Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1354
С. Рокфеллер: Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін Рокфеллер ұрпағының төртінші буын өкілі әлемдік топтық кландардың бірі атақты Стивен Рокфеллер алдағы уақытта үшінші дүниежүзілік соғыстың басталып кету қаупі барын жоққа шығармады.

Ол америкалық телеарналардың біріне берген сұхбатында қазіргі қалыптасып отырған   халықаралық күрделі жағдай мұның алғышарты болып отыр деп мәлімдеді. 
- Қазіргі шиеленісіп отырған аса күрделі «қырғи-қабақ жағдай»  менің өсіме ХХ ғасырдың басындағы бірінші дүниежүзілік соғысты еске салады. Қазір таразының екі басы тепе-тең  тұр. Бір жағында АҚШ және Еуропа елдері, екінші тарапта Ресей, Қытай және Иран тұр. Екі топ та бүгінгі күнде жетекші әрі басым елге айналғысы келеді. Бір-бірін мойындағысы да, бір-біріне жол бергісі де келмейді. Мұндай жағдайдың ақыры  тарихта ешқашан да бейбітшілікпен аяқталған емес. Сондықтан менің ойымша, үшінші дүниежүзілік соғыс сөзсіз болады, -  деп мәлім етті Стивен Рокфеллер.
Сонымен қатар, Ресей мемлекеттігіне сына қағу, оның іргетасын құлату, аймақтарды бөлу саясатының орын ала қоюы екіталай.  Стивен Рокфеллер бұл жобаға күмән келтіреді. Өйткені бұрынғы  КСРО  елдері тәуелсіздік алғанымен,  олардағы саяси-әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсара қойған жоқ. 
-Ал бүгінгі Ресей кешегі КСРО-ның көшірмесі емес. Кеңес Одағы оннан астам Республикалардан құралды, оларды бөлшектеу де сондықтан тезірек  әрі оңай жүзеге асты. 0ларда «өз алдыңа өмір сүрсек, тәуелсіздік алсақ, дамимыз, жағдайымыз жақсарады» деген үміт болды. Иә  олар біртіндеп дамып келеді. Бірақ жағдайлары соншалықты әлі де жақсара қойған жоқ. Ақиқатын айтқанда, кешегі Кеңес Одағын аңсайтындар әлі де бар. Сондықтан сепаратистік көңіл күйдегі бүгінгі Ресейді бөлшектейміз деген саясатты жүзеге асыру   әзір мүмкін емес,-дейді Стивен Рокфеллер.
Ал шын мәнінде Рокфеллер  әулетінің  ерен байлығы бірнеше ғасырдан, 1800 жылдардан батау алады. Бүгінде ұрпақтан ұрпаққа мұра  болып келе жатқан Рокфеллердің америкалық отбасы қазір де ата-бабасынан қалған  ірі өндірістік, банктік қаржыларға ие. Әлемде орасан зор  байлыққа ие болып келе жатқан әіулеттің әлемдік саясатта да ықпалы зор болып отыр.