Негізгі бет  /  мақалалар  /  Халал өндірісі қалпына келтіріледі

Халал өндірісі қалпына келтіріледі

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
728
Халал өндірісі қалпына келтіріледі Қазақстанда Халал экожүйесін дамытудың басым бағыттарын бірыңғай жүйеге келтірілмек.

 Бұл туралы   ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының міндетін атқарушы Галымжан Дұгалов Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамының (GIZ) үйлестіруші-өкілі Данияр Шакеновпен екі жақты кездесу барысында айтты.
Сарапшылар Халал индустриясы экономиканың көптеген салаларына әсер етіп, жоғары экономикалық үлес қосатындығына байланысты оның сапалық инфрақұрылымын құруда жүйелі көзқарастың маңыздылығы жайлы айтуда. Қазақстан мамандары Малайзияның Исламдық дамыту Департаменті сарапшыларының қатысуымен халықаралық тәжірибе негізінде супермаркет пен дүкен сөрелеріндегі Халал өнімдерінің жергілікті нарығын Халал талаптарға сай келетіндігін зерттеу қажеттілігіне баса назар аударады.
Дұгаловтың айтуынша, «Халал өнімдерін шығаруда пайдаланатын шикізатқа бір жағынан, қызметкерлерге, өндіріс бөлмелерге, көлік құралдарына, арнаулы жұмыс киіміне, қаптамаларға және таңбалауға, сонымен бірге өнімнің Халал нормаларға сәйкестігін талдау шетелдік әріптестердің тәжірибесін есепке ала отырып, зерттеу қажет».
Жиын барысында Қазақстанның сарапшылары үшін GIZ оқу семинарлары мен тренингтерін өткізуге және сәйкестікті бағалау саласындағы өңірлік ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын жаңартуына қатысты кеңес шеңберінде сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша Өңірлік жұмыс тобының ынтымақтастықты кеңейту бойынша мәселелер талқыланды.
Қазақстандағы GIZ үйлестіруші-өкілі Д. Шакенов Исламдық Дамыту Банкінің қатысуымен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамымен бастаған «Reverse Linkage» 4-тарапты жобаны дамыту туралы айтты.
Қазақстанның Халал «экожүйесін» тиімді қалыптастыру мақсатында жобаға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, сонымен бірге жергілікті кәсіпорындар қатысады.