Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі қанша?

Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі қанша?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
757
Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі  қанша? Тамыз айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 588 теңгені құрады. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 6,6%, 2015 жылғы тамызбен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,6%, жемістер мен көкөністерді – 15,8%,  сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15%, нан және жарма өнімдерін – 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,6%-ды құрады.

 

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

23 588

21 380

29 237

22 403

27 616

21 903

21 696

 Азық-түлік тауарлары

14 153

12 828

17 542

13 442

16 570

13 142

13 017

 Азық-түлік емес тауарлар
 мен ақылы қызметтер

9 435

8 552

11 695

8 961

11 046

8 761

8 679

Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, теңге

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.