Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қытайлық АЭС-тер қазақ отынына зәру

Қытайлық АЭС-тер қазақ отынына зәру

Гүлнар ТӘЖИЕВА
725
Қытайлық АЭС-тер қазақ отынына зәру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай халық республикасына ресми сапары барысында қол қойылған маңызды құжаттардың қатарында қазақстандық U отын таблеткаларын қытай компанияларына жеткізу мәселесі де бар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, CGNPC президенті Жанг Шанминь, «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов және CGNPC-URC компаниясының Бас менеджерінің орынбасары Цай Юшенг мырзалар өзара келісімшартқа қол қойды. Құжаттар «Үлбі металлургия зауыты» АҚ мен CGNPC-URC компаниялары арасында бекітілді. Тараптар 2016-2018 жылдар аралығында 180 тонна U отын таблеткаларын шығару ауқымы, мерзімі мен жеткізу тәртібін айқындап, қазақстандық отын таблеткаларының 2024 жылға дейінгі жеткізілу жоспарлары мен сатып алу ауқымдары туралы келісті.
Аталған келіссөздер «Үлбі металлургия зауыты» АҚ әрекеттегі өндірістік қуаттылықтарын  орта мерзімді перспективада жүктеуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бұл келіссөздердің  жүргізіле бастағанына біраз болды. Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CGNPC компаниялары арасында қуаттылығы жылына 200 тоннаны құрайтын, қытайлық АЭС-терге арналған ЖБҚ шығаратын зауыт құру туралы келісімге қол қойылған болатын. Зауыттың іске қосылуы және алғашқы өнімнің шығарылуы 2019 жылға межеленген.