Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өзбекстанда қай сценарий жүзеге асуы мүмкін?

Өзбекстанда қай сценарий жүзеге асуы мүмкін?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1434
Өзбекстанда қай сценарий жүзеге асуы мүмкін? Ел 30 жылға жуық мемлекетті басқарған Ислам Каримовты ақтық сапарға шығарып салды. Бірақ билік элитасында қай сценарий жүзеге асады? Осы тақылеттес сауалдар ағыны әлі толас таппай тұр.

Қазақстандық белгілі сарапшы, саясаттанушы Ерлан Қарин өзбек билігінде жүзеге асуы мүмкін үш сценарийді ұсыныпты. Онымен келісетіндер де, келіспейтіндер бар. Бағамдап көрейік:
«Өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценариймен ауысатынын болжау аса қиын. Әзірбайжандық деп аталатын сценарийдің - яғни, билік өкілеттігін отбасы мүшесіне берілуі  екіталай, тіпті бұл сценарий іске аспайды деп сеніммен айтуға болады. Өзбекістанда отбасы саяси ықпалдың факторы ретінде қалыптаса алмады. 
Сондықтан ықтимал деген негізгі келесі сценарийлерді келтіруге болады:
Бірінші  «Арнаулы құрылымдар». Элитадағы бірден-бір ұйымдасқан топ  арнаулы құрылымдар өкілдері қазіргі кезде топтасып жұмыс жасауға қабілетті жалғыз күш. Жергілікті арнайы қызмет  Ұлттық қауіпсіздік қызметі өзбек билік жүйесіндегі негізгі құрылым болып табылады және де сыртқы күштермен байланыстар осы құрылымдар арқылы жүзеге асып келген болатын, ал қазіргі жағдайда бұл да маңызды фактор.
Екінші - «Консенсустық фигура». Өзбек лидерінің денсаулығы туралы ресми ақпаратты президент баспасөз қызметі немесе Президент әкімшілігі құрылымдары емес, үкіметтің таратуы жергілікті билік иерархиясында премьер-министрдің қандай да бір ықпалды рөлі бар екендігін және оның тақ мұрагері ретінде сайлануы мүмкін екендігін байқатады.
Үшінші  «Конституциялық». Бұл сценарийдің болуы екіталай, десек те, оны мүлдем шығарып тастауға да келмес. 2011 жылы Өзбекстанның негізгі заңына Мемлекет басшысын ауыстыру схемасын нақтылайтын бірқатар өзгерістер енгізілді: «Президент өз міндеттерін атқара алмаған жағдайда, оның құзыреттері уақытша Өзбекстан Республикасы Жоғарғы мәжіліс Сенатының төрағасына жүктеліп, «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» Заңға сәйкес үш айдың ішінде сайлау өткізілуі тиіс».
Осы аталған үш сценарийді келтіре отырып, ең ықтималы, ол араласқан аралас нұсқасының жүзеге асуы - яғни күштік құрылымдардың бақылауы арқылы екінші және үшінші сценарий жүзеге асуы мүмкін. Әрине өзбек саясатында саяси институттардың әлсіздігі ықпалы бар, бірақ сонымен қатар өзбек саясатының артықшылығы дәстүрлердің ықпалы мен белгілі бір нормалармен жүретіндігін ескеру қажет, ал бұл негізгі элита топтарының өзара келісімге келу қабілеттілігін қамтамасыз ететін бірден бір фактор болса керек. 
Қалай болғанда да, Өзбекстанда билік транзиті техникалық тұрғыдан қалай өтетініне қарамастан, Орталық Азия турбулентті кезеңге енуде. «Өзбек мәселесі» биліктің тұрақтылығы мәселесін өткірлей (аймақ үшін негізгі әрі өзекті мәселе) түсті. Көшбасшының кенеттен кетуі, биліктің берілуі институционалдық негіздермен нығайтылмауы және билік транзиті тәжірибесінің жоқтығы билік үшін күресті шиеленістіріп, өршіту қаупін тудырып отырып. Бірақ, билік транзиті сценарийін кенеттен жүзеге асырудың әртүрлі қатерлері болғанымен де, бұл жағдай аймақтық үдерістерге оң ықпалын тигізуі де әбден мүмкін.

Фейсбук парақшаларынан:

Жамбыл Артыкбаев:  Ақсақ Темір "мемлекеттің екі тірегі бар - заң және дін" деген сөздің авторы, бірақ өзі өлгенде екеуі де жұмыс жасамады. Әмірдің өлімін жасырып Отырардан Самарқандқа алып барды, империя көп ұзамай ыдырады. Авторитаризм жағдайында басшының өсиеті орындалмайды. Дәл қазіргі жағдайда кім күшті - сол билікке ие болса керек, кейін өз ара тартыс барысында Өзбекстанның болашақ саяси дамуы анықталады. Болжам жасау өте қиын..
Beibit Saparaly: Саясаттанушы мамандар тар шеңберден шиырлап неге шыға алмайды? Өзбек әлемдегі ешкімге тәуелсіз мемлекет сияқты үш нұсқа ұсынылыпты. Ал әлем алпауыттары қайда қалады? Кеңес Одағын құрып, ыдыратқан топ, өзбек басшысын құпия келісіммен билікке алып келіп, ширек ғасыр бойына өзбек xалқын екінші тас құрсауда ұстап тұрған жаһандық топ, 2006 жылы құрылған 7 млрд басқарушы 100 аса ірі алпауыттың шешімдері ең соңғы қарар болатынын неге аңғармаймыз?! Ташкентте жерлесе де, Самарқандта жерлесе де, орнына кім келсе де, ұлы дүрбелең болу-болмауы әлгі шайтанилардың қолдарында. Каримов қандай жоба екенін көп уақыт өтпей түсіне бастайтын боласыздар. Премьердің туған күйеу баласын, Ресейдегі миллиардер өзбек  еврей Әлішер Усмановтың асырап алған ұлын қалай Ташкентте өлтіргенінен xабардар емессіздер. Тірі болса тап осы күні бүкіл өзбек елі қолдап кететін Мұxаммед Садық Мұxаммед Юсуповтың спорт алаңындағы кенеттен жұмбақ өлімі де тақ тартысының көрінбеген шытырман оқиғалары. Өзбек оппозициясының серкесі, диссидент, Өзбек Халық қозғалысының шетелдегі басшысы, Ерік партиясының жетекшісі Мұxаммед Салиxтың ойпыл-тойпыл келіп қалу мүмкіншілігі де бар. Оны әсіресе Ресей мен Иран, Түркия қатты қолдауда. Ең соңғы шешім өте құпия жағдайда Лондоннан келетінін ешқашан ұмытпайық.
Али Амиржан: Кім келсе де ашық саясат ұстанса деп тілейік.