Негізгі бет  /  мақалалар  /  ГАЗ ТАСЫМАЛЫ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРҒА САЙ АТҚАРЫЛУДА

ГАЗ ТАСЫМАЛЫ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРҒА САЙ АТҚАРЫЛУДА

Қайыржан ТӨРЕЖАН
752
ГАЗ ТАСЫМАЛЫ ЖОҒАРЫ СТАНДАРТТАРҒА САЙ АТҚАРЫЛУДА Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы – еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретінірі компания.

Ұлттық оператор ішкі нарықты толығымен газбен жабдықтаумен қатар, Қазақстан аумағы арқылы тасымалданатын халықаралық газ транзитін де қамтамасыз етіп отыр. Сыртқы нарыққа газ сату, жаңа құбыр жолдарын салу, газ қорын барлау мен өндіру, газ сақтау қоймаларын басқару тәрізді негізгі міндеттерін абыроймен атқарып келе жатқан нағыз халықтық компанияның бірі десек артық емес.
«ҚазТрансГаз»-дың еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ жақында менеджмент жүйесінің отандық және халықаралық сапа сертификаттарын иемденіп тағы бір белесті бағындырды. 

«Интергаз Орталық Азия» компаниясының сапа жөніндегі сертификаттарының тізімі ауқымды: ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі»; ҚР СТ OHSAS 18001-2008, «Ден­саулық және еңбек қауіпсіздігі менеджмент жүйесі»; ҚРСТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқау»; ҚРСТ ISO 50001-2012 «Энергоменеджмент жүйесі. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқау» және EFQM моделі бойынша жетілдіруге ұм­тылу» сияқты халықаралық сертификаттар. 
Осы аталған мемлекеттік және халықаралық стандарттар негізінде компания менеджмент жүйесін бүгінгі күні басымдық беріліп отырған қазақстандық және еуропалық үлгілерге сәй­кестендірді. Яғни, тұрақты да­муды көздеген компания қызмет сапасын жақсарту, қызмет көр­сету саласында бәсекелестікке қабі­леттілікті көтеру, тұтыну­шылар сұраныстарын қанағат­тан­дыру, денсаулық, еңбек қауіп­сіздігін және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ, энергияны үнемдеу мен энергия қуатының тиімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. 
Биылғы жылдың ма­мыр айын­­да жүргізілген сертифи­ка­циялық аудит нәтижесі бойын­ша Франциядағы AFNOR қауым­дастығының ережелері бойынша ISO 9001:2008, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004. халықаралық стан­­дарттарына сәйкестік туралы сертификаттар табысталды. Айта кетерлігі, стандарттау жөніндегі француздық мемлекеттік ұйым AFNOR әлемдік сертификаттау нарығында жетекші ойыншы­лар­дың бірі болып табылады. Бар­лық әлемдік негізгі эконо­микалық орталықтарда өкілдігі бар, менеджмент жүйесін және техникалық экспертизасын сер­ти­фикаттау саласында бірегей жо­ғары деңгейдегі қызмет көр­се­туді жүзеге асырады. Оның эксперттері 60 елдегі 30 мың­нан астам компанияларды сертифи­каттаған. 
Жетілдірудің еуропалық моделін енгізу аясында «Интергаз Орталық Азия» компаниясына «Жетілдіруге талпыну» жобасы бойынша Еуропалық басқару сапасы қорының сертификаты (European Foundation for Quality Management, EFQM) тапсырылды. 
EFQM моделі еуропалық 21 елде сапа бойынша негізгі ұлт­тық сыйлық екенін де айта ке­тейік. Қазақстандағы EFQM моделі базасындағы Ұлттық сый­лық Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Алтын Сапа» сыйлығы болып табылады. 
Осылайша, сапа менеджмен­тінің еуропалық моделін енгізу «Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін президенттік «Алтын Са­па» сыйлығын алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін болды. Сонымен қатар менеджмент жүйесінің мемлекеттік және халықаралық сертификаттарына қол жеткізу қызмет көрсету нарығында «Интергаз Орталық Азия» компаниясының рейтин­гін біршама көтерді және ком­па­нияның «Сапа менеджменті сала­сындағы жетілдіру және үздік тәжірибе үшін Азиялық награданы» (AsiaNetworkforQuality, ANQ) алуға жол ашты. 
Енді компанияның ірі жоба­ларынан бір мысал.
Ұлттық оператор «ҚазТранс­Газ»-дың 2016 жылғы стратегиялық міндеттерінің бірі – «Бозой» жерасты газ қоймасының қуат­ты­лығын арттыру. Осыған орай «Интергаз Орталық Азия» ком­паниясы газ қоймасына күрделі жөндеу жүргізіп, құрылысын  қайта жасау жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруда. Жобаның 2016 жылы атқарылатын бірінші кезеңінде – сақтау көлемін 3 млрд м3  газ сақтайтын деңгейге жеткізу, 36 жаңа дублер-скважиналарды бұрғылау, тозған 25 скважинаны жою, 120 скважинаға күрделі жән ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. 
Екінші кезеңде, 2017-2018 жылдары – ЖГҚ 4 млрд м3  газды сақтайтын деңгейге жеткізу, 32 скважинадағы СП-2,5 шлейфтерді ауыстыру, СП-3,7; СП-1,4; СП-6 жинақтау пункттерін қайта жасау жоспарланып отыр. 
Алғашында «Бозой» ЖГҚ Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы маусымдық газ тұтынысын реттеп, газбен тұрақты қамтамасыз ету үшін пайдаланылды. Кейіннен, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралін іске қосқан соң Қазақстанның оңтүстік аймақ­тарын газбен қамтамасыз ету үшін газды сақтайтын үлкен аумақ керек болды. Ал бұл кезде ЖГҚ кешені тозып, көп көлемдегі газды сақтауға келмейтін болғандықтан «Бозой» ЖГҚ аумағын қайта жасап, қуаттылығын 4 млрд м3 дейін ұлғайту қажет болды. 
Бүгінгі күні мемлекеттік және халықаралық сертификаттармен расталған компания қызметі алдағы уақытта да еліміздің газ саласын дамытуға салмақты үлес қосарына күмән жоқ.