Басты  /  мақалалар  /  G-20 – көріністер мен қауіп-қатерлер

G-20 – көріністер мен қауіп-қатерлер

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
2377
G-20 – көріністер мен қауіп-қатерлер Қыркүйек айының басында қытайлық Ханчжоу қаласында 20 ірі мемлекеттің және бірнеше шақырылған мемлекеттің көшбасшылары кездесетін кезекті «G-20» саммиті өтеді.

Жоғары деңгейде өтетін кездесулерден не күтуге болады және әлемді болашақта не күтеді? Аталған мәселелер жайында мемлекеті тарапынан Саммиттің дайындығына тікелей қатысы бар адам – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Абдымомыновпен сұхбатымызда жан-жақты қарастырып көрмекпіз.

– Азамат Құрманбекұлы, сіз Қазақстан Республикасының атынан Шерп болып табыласыз. Сіз «Шерп» ұғы­мы туралы қысқаша түсіндіріп және Қазақстан алдыңғы қатарлы мем­ле­кеттермен қатарласа Саммитіне қатысу құрметіне не себептен ие болғаны туралы айтып бере аласыз ба?
– Биыл Қазақстан ҚХР ша­қыруы­мен «G-20» саммитіне қатысады. Біздің мемлекетіміз 2013 жылдың қыркүйек айында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен Саммитке ша­қырыл­ған тарап ретінде қатыс­қанын айтып өткен жөн.
Бұл Саммит – шын мәнінде, өте беделді пікір алмасу – алаңы – әлемнің ең ірі экономикаларының форумы. «Үлкен жиырмалық» мемлекеттері әлемдік ЖІӨ-нің 85-90%-ын және халықтың шамамен 80%-ын құрайды. Сондай-ақ бұл клубқа 5 шақырылған мемлекет және БҰҰ, ХҚҚ, ДСҰ, Дүниежүзілік Банк және тағы басқа құрылымдар кіреді.
Қазіргі уақытта, «Үлкен жиырма­лық» жаһандық экономикалық пробле­маларды шешудің, мемлекеттер ара­сындағы макроэкономикалық саясатты үйлестірудің, әлемдік қаржы архи­тек­турасын реформалаудың маңызды тетігі ретінде қарас­ты­рылады.
«Жиырмалықта» төрағалық ету жылда ауысып отырады, ағымдағы жылы төрағалық ҚХР-ға берілді.
Шерп қызметіне тоқтасақ, бұл – G-20 немесе G-7 Саммитіне мүше мемлекет басшыларының ресми өкілі.
Жоғарғы деңгейдегі кездесуге дайындық шеңберінде Шерптер қол қойылуы мүмкін түрлі құжаттарды талқылайды, өзара келіссөздер жүр­гізеді, өз мемлекеттерінің басшыла­рына кеңес береді.
–   Алдағы Қытайда өтетін Сам­митте қандай мәселелер талқы­ланатын болады? 
– Қытай бастамасына сәйкес биыл басымдық инновациялар-инновация­лық даму, сандық экономика, жаңа индустриялдық революция мәселе­леріне беріледі.
Инновациялар жаһандық экономи­калық дамудың негізгі жаңа қозғалт­қышы болуы тиіс. 
Сондай-ақ экономика мен қар­жыны басқарудың тиімді әлемдік архитек­турасын құру мәселесі тал­қыланады.
Саммиттің негізгі ойы біршама абстрактілі болып көрінгенмен, өте өзекті. Бұл – тұрақты, барлық мәселе­лер­ді қамтитын, орнықты және тепе-тендікті сақтайтын жаһандық эконо­микалық өсімді қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін бірлесе қабылдау.
– «G-20» ғаламдық құрылым деп айтсам дұрыс па?
– Солай деуге де болады. «Жиырма­лық» БҰҰ-мен және Бреттон-Вуд институттары болып табылатын ХҚҚ, Дүниежүзілік Банк, ДСҰ, ЭЫДҰ және басқалармен тығыз байланыста.
«G-20» сауда және инвестиция барьерлерін жою, тұрақты даму, жасыл экономика, қаржылық тұрақтылық, инфрақұрылымға тартылатын инвес­тициялар сияқты мәселелерді наси­хаттайды. 
Саммите Африка елдерін дамыту, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі қаражаттар қозғалысына қарсы күрес, гендерлік теңдік, жастарды жұмыспен қамту сияқты жаһандық проблемалар талқыланады. Бұның бәрі – бірлескен шаралардың қабылдануын талап ететін өте маңызды жаһандық қауіп-қатерлер.
– «Брекзиттен» кейін әлі де біреу­лер жаһандануға сене ме? 
– Британдық референдум маусым айында Қытайдың Сямынь қаласында өткен үшінші Шерп кездесуімен тұспа-тұс келді. Мен сол кездесуге қатысқан едім. Бұл жаңалық бәріміз үшін, әсіресе еуропалық мем­лекеттердің өкілдері үшін күтпеген жағдай болды.
Шын мәнінде, сириялық кампания­ның әсерінен туындаған Еуропадағы босқындар дағдарысынан, ЕО эконо­микасына соққы болған Ресейге қарсы қолданылған санкциялардан, сондай-ақ Еуроодақ ішіндегі сепаратистік күш­тердің өсуінен кейін – «Брекзит» әлем­нің жаһанданудан аймақтану кезеңіне көшу сценарийін анық көрсетті.
Сонымен қатар өз басым аймақтану орын алса да, жаһанданудың да уақыты келеді деп санаймын.
Жаһандану физикалық кезеңнен (тауарлар, адамдар, капитал қоз­ғалысы­ның өсуі) сандық кезеңге (ақпарат, қызметтер, сандық ақшалар қозғалысы­ның өсуі) ауысып жатыр.
Әлемдегі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің трансшекаралық қозғалысының көлемі 2007 жылы өз шыңына жетіп содан бері өспей жатса, 2005 жылдан 2014 жылға дейін ақпарат­тық трафик 45 есе артты.
Қазіргі уақытта әлемдік тауарлар сатудың 12%-ы және қызмет көр­сетудің 50%-ы интернетке көшіріліп, «Али­баба», «Фейсбук» және «Амазон» сияқты электрондық платформалар арқылы іске асып жатыр.
Материалдық тауарларға қара­ғанда, тауарға салынатын ақпараттың, нарықпен «байланыстар» санының және әлемдік сандық желілермен интеграциялану деңгейінің құн­дылығы артуда. Капитализациясы бойынша әлемнің ең ірі 7 компаниясын алыңыз. Олардың қатарына Apple, Alphabet (Google), Microsoft, ExxonMobile, Facebook, Berkshire Hathaway, Amazon кіреді. Осылардың ішінде алпауыт саналатын гигант болып келген ExxonMobile мен Berkshire Hathaway ғана хай-тек саласына жат­қызылмаған.
– Сіз біздің ұрпақ жаһандық, тіпті тектоникалық өзгерістердің куәгері болады деп отырсыз ба?
– Қазіргі уақытта бүкіл әлем автоматтандырылған жансыз зауыттар, нәрселер интернеті, индустриялдық интернет, виртуалды шындық және жасанды интеллекті бар Төртінші индустриялдық революцияны талқылауда.
Бүкіл әлемге әйгілі инженер, футуролог Рей Курцвелдің есептерін қарас­тырайық. Оның пікірінше, техно­логиялар өзгерудің қазіргі қарқыны сақталған жағдайда, 21 ғасырдың аяғында біз өткен 20 000 жылдың және 20 ғасырда қол жеткізген прогрестен 1000 есе артық дамумен салыстыруға келетін кезең­нің куәгерлері боламыз.
Яғни парадигманың өзгеруі сіз ойлағаннан бұрын орын алуы мүмкін. Прогресс сіздің оны растауыңызды, түсінуіңізді және бағалауыңызды күтпейді.

 


 

Қазіргі уақытта, «Үлкен жиырмалық» жаһандық экономикалық проблемаларды шешудің, мемлекеттер арасындағы макроэкономикалық саясатты үйлестірудің, әлемдік қаржы архитектурасын реформалаудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады.

 


 


– Сіз бұл трансформацияның негізгі элементтерін атап өте аласыз ба?
– Біріншіден, шикізат пен материал­дардың барлық түріне сұраныс пен баға төмендейді. Әр қабаттағы синтездің «аддитивті» технологияларына көшу, робо­тотехниканы жаппай енгізу ресурстар­дың айтарлықтай экономия­сына әкеледі. Өндіріс пен тауарлардың экономдығы артады.
Оған қоса энергетиканың көмір­тегінен «жасылға», бензиндік қозғалт­қыштан гибридтік және электр қозғалтқыштарға көшуі қосымша қысым жасайды.
Екіншіден, адам еңбегіне сұраныс пен оның бағасы төмендейді. Адам бірте-бірте автоматтандырылған «жансыз» өндіріспен алмастырылады. Бұл үдеріс 10-20 жылға созылуы мүмкін, алайда қазірдің өзінде сезінеді.
Үшіншіден, өндірістің көбісі трансұлттық компаниялардың шығу мемлекеттеріне, өткізу нарықтарына жақынырақ қайта бастайды. Бұл жағдай «офшорингке» қарама-қайшы болып келетін «решоринг» деп аталады.
Нәтижесінде, адам еңбегінің, шикі­зат пен материалдардың құнсыз­дануына орай физикалық әлемнің бұрынғы ақшаларының біршама өзгеруі де ықтимал. «G-20» саммитінде сандық экономиканың, ақпараттың қалай өлшенетіні туралы мәселе көтеріліп жатыр.

 


Дамудың жаңа идеологиясын қалыптастырып көру керек. Біз шамамен 10 жыл бұрын қалыптастыруға тырысқан инновациялық өзек, бірнеше құрылымдар арасында жырмаланған. Инвестициялар мен даму министрлігінің инновацияларға уақыты жоқ, өндіріс қиын кезеңдерді бастан өткеруде.


 

– Сіздің пікіріңізше, қоғам үшін бұл трансформацияның қандай салдары болады?
– Өкінішке қарай, салдары жағым­сыз болуы мүмкін – орта кластың эрозиясы мен жұмыссыздық­тың өсуі орын алады.
Көбінесе, «мектеп оқулықтарында» жаңа индустриялдық революция жойған жұмыс орындарын жаңа жұмыс орындарымен алмастырады деп көрсетіледі. Алайда ол бедел­құмарлық­қа көбірек ұқсайды.
Еуропада, АҚШ-та, дамып жатқан елдерде жұмыссыздық айналасындағы жағдайға қараңыз. Алдағы уақытта арзан жұмыс күші бұрынғыдай көлемде ешкімге керек болмайды. Бұл жағдай ҚХР-ға да, Оңтүстік-шығыс Азияға да, Африка мемлекеттеріне де жетеді. Қазіргі уақытта бұл проб­леманы шешудің жолдарын ешкім білмей отыр.
– Мүмкін жоғары технологиялық білімге ұмтылу керек шығар?
– Бұл маңызды, алайда проб­леманы толығымен шешпейді. Экономикада істейтіндердің бәрін еңбек пирамидасы түрінде елестетіңіз. Төменгі жағында төмен білікті жұмысшылар орналасады, олар көпшілік, бұл – базис. Ортасында орта – деңгейдегі менеджмент, тар мамандықтар – олар азырақ.  Жоғары­да – эксклюзивті жоғары білікті мамандар мен топ-менеджмент.
Автоматизацияның кесірінен пирамиданың төменгі жағындағылар жұмыс орындарын жоғалтқан сайын олардың біліктілігін арттырғанмен, сіз оларды жоғарыға жылжыта алмайсыз, себебі ол жердегі жұмыс орындары да шектеулі. Сондықтан заманауи жоғар­ғы оқу орындары инерция бойынша болашақ жұмыссыздарды дайын­дайды.
Сатып алу сұранысының төмен­деуі­нен бұрын үздіксіз жұмыс істеген, өз-өзін жаңадан өндірген тұтыну­шылық капитализмнің тетігі құл­дырайды. Бұрын өндіріс көлемінің өсуі еңбек ететіндердің табысының артуына алып келетін. Орта класс құрылатын, тұтыну мен сұраныс өсетін. Бұл жағдай өндіріс пен еңбек етушілердің табысының және тағы басқалардың артуын ынталандыратын. Алайда қазіргі уақытта бұл логика бұзылуға жақын.
– Бұл жағдайдан шығудың қандай амалы бар?
– Мүмкін, бұл мемлекеттердің Үкіметтеріне ескі әлеуметтік-бағыттағы жүйенің сандық «аналог­тарын» зерттеу қажет болар. Әрқайсысына қажет­тілігіне сай. Көптеген жұмыссыздар мемлекет пайдасына «шартты» еңбексіз қызметі үшін кепілді әлеуметтік табыс пен қызметтерді алып отырады.
Дамудың бұл бағыты мемлекет «дұрыс» тәртібі үшін жұмыссыздар армиялары мен босқындарға әлеуметтік жәрдемақыларды төлеп отырған Батыста (АҚШ, Еуропа) қалыптасып келеді.

 


Саммитте Африка елдерін дамыту, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі қаражаттар қозғалысына қарсы күрес, гендерлік теңдік, жастарды жұмыспен қамту сияқты жаһандық проблемалар талқыланады. Бұның бәрі – бірлескен шаралардың қабылдануын талап ететін өте маңызды жаһандық қауіп-қатерлер.


 

– Сіз өзіңіз айтқан технологиялық парадигмалардың жүзеге асуына ықпал ететін геосаяси өзгерістер туралы айтып бере аласыз ба? 
– Егер сіз менің логикамды түсінген болсаңыз, жаңа әлемде материалдық тауарлар мен адам ресурстары үшін ашық шекаралар өз маңыздылығын жоғалтатынын түсінесіз. Бұдан артық, «сандық жаһанды» тездету үшін аймақаралық барьерлерді қайтару қажет.
Тауарлар, жаңа технологиялар негізінде өткізу нарықтарына жақын арада өндірілуі тиіс болады.
Сонымен қатар толықтай ашық жаһандық сандық экономиканың құрылуы ынталандырады, сәйкес инфрақұрылымды және сандық коммуникациялардың стандарттарын құрылуға көптеген инвестициялар тартылады.
Аймақтану форматы талқыланып жатқан бірнеше ірі аймақтық блоктардың құрылуымен сүйемел­денеді. Алдағы бірнеше жыл ішінде біз аймақтық элиталар ауысуының куәгерлері боламыз.
Бұл үдерістердің «катализаторы» ретінде бүкіл әлемде қайта орын алып жатқан ұлттық, анархиялық, неоком­мунистік және діни қозғалыстар, көпшілік тәртіп бұзушылықтар болып шыға алады.
– Өкінішке қарай, бұл жағдай орын алып жатыр. Заманауи әлемде зорлық-зомбылықтың өсуі жаңа қалыпты­лыққа айналуда. 
– Биотехнологиялардағы, гендік инженериядағы, когнитивті ғылым­дағы жаңа жетістіктер бізді қалып­тасқан моральды нормалардың шектерінен тыс шығарады.
Жер халқы адамның өмірі құнын жоғал­тып, материалға айналатын жаңа шындыққа құндылықтар мен дәстүрлер­дің ескі жүгімен кірді. Бұл құндылықтар мен дәстүрлердің болашағы қандай болатынын ешкім білмейді.
Негізі, салафи сипаттағы экстре­мизм мен исламдық радикалдық – тек сырт сипатынан ғана діни емес мем­лекетке және құқық қорғау құрылым­дарына қарсы күрес. Терең мәні – даму қарқыны жоғары технологиялық прогресс пен технологиялық апартеид­ке қарсы соғыс жүргізу.
Тағдыр тәлкегі, олар күрес жүргізіп жатқан жаһандық трансформацияны ынталандырады.
– Біз талқылағандардың Қазақстан үшін салдары қандай болуы мүмкін? 
– Жаңа индустриялық революция қарсаңында табыстың негізгі фак­торлары өзгеруде. 
Біріншіден, құрылып жатқан «жаһандық сандық экономикаға» интегра­цияда озық болу, негізгі стандарттарды қабылдау. 
Екіншіден, «жаңа индустриалды революция» инфрақұрылымына болашақ инвестицияларды тарту.
Үшіншіден, инновацияға және жасампаздыққа қабілеттілік, жоғары білікті мамандардың бар болуы.
Соңғысы, үлкен өңірлік блоктарға интеграциялану. 
Бұл факторларды түсіну ҚХР, Сауд Аравиясы, БАӘ, Жапония және басқа мемлекеттерді үлкен зауыт салуға, «оффшоринг» пен аутсорсингке, арзан тауарларды, шикізатты немесе арзан жұмыс күшін экспорттауға негізделген ескі үлгілердің қайта қаралуына алып келді.
Қазақстанға қатысты не айтуға болады? Еліміздегі соңғы онжылдықта индустрияландыру бойынша қабыл­данған шаралар өз тиімділігін, қажет­ті­лігін және уақытқа сай екенін дәлелдеді.
Сонымен қатар трансұлттық өндіріс тізбектерінен орын алу, экспортқа негізделген өндірістерді құру логикасы табысты ерекше­ліктерге қарамастан артта қалып барады.
2011-2012 жылдары мен «техноло­гия­лық апартеид» тақырыбы бойынша дәріс оқығам. Ол кезде бұл фантастика сияқты еді, ал қазіргі таңда шындыққа ұқсап келеді. Бұл – технология мен өндірісті элита бақылап отыратын антиутопия, тұжырымдама. Бұл эли­таға кейбір орта топтың ғана қатынасы бар, бірақ тек қана тоталитарлық бақылау немесе көпшілік болып танылған кедейлерден оқшаулау үшін ғана. Біз бұл тұжырымдаманы мем­лекеттерге салып көрдік, нәтижесінде мынандай бөлінуге келдік.
Жасыл топ немесе «силиконды өңір» −  өмір сүру деңгейі, қауіпсіздік деңгейі жоғары, қабылдау шарттары қатал және қауіпсіздік деңгейі жоғары технологиялық мемлекеттер. 
Сары топ –жасыл топ үшін шикізат және дарынды мамандарды жет­кізушілер, үнемі қысым астында немесе қызыл топтағы мемлекеттермен әскери қақтығыстар жағдайындағы мем­лекеттер.
Қызыл топ − анархия, фун­даментализм, кез келген басқа жағдайда өмір сүретін, олардың жағдайы ешкімді қызықтырмайтын халық.
Елдердің бір топтан екінші топқа өту мүмкіндіктері шамалы. Бұл бөлінуде жарқын болашақ сыйлай алмайтын сары топқа кіріп кетуіміз мүмкін. 
– Мұндай жағдайда, біз не істеуіміз керек?
– Дамудың жаңа идеологиясын қалыптастырып көру керек. Біз шамамен 10 жыл бұрын қалып­тастыруға тырысқан инновациялық өзек, бірнеше құрылымдар арасында жырмаланған. Инвестициялар мен даму министрлі­гінің инновацияларға уақыты жоқ, өн­діріс қиын кезеңдерді бастан өткеруде.
Қазақстанның «жаһандық сандық экономикаға» енуі, тек инновациялар­дың дамуына ғана емес, сондай-ақ жүйе­лі, бір мақсатты жұмысқа негіз­делуі тиіс. 
Қарым-қатынасты дамытып, жаһан­дық ұйымдарға, форумдар мен бір­лестіктерге қатысу қажет.
Қазақстанға қолданыстағы тех­ноло­гиялар трансфертін қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарды ен­гізу бойынша келіссөздер жүргізу керек.
Мамандар даярлаумен айналысу керек. 
Қазіргі уақытта, Қазақстанда бұл саясат мақсатты түрде жүргізілмей отыр. Біздің мемлекеттік органдар «әлем­дік білім орталықтарынан» әлде­қайда алыс. Экономикалық дамудың «жаңа парадигмасы», төртінші өнер­кәсіптік революция сандық және физикалық ағымдардың қиылысында жатыр. Мысалы, электрондық үкімет пен ұлттық интернет кеңістігін дамытудан гөрі әлдеқайда кешенді тәсілді қолдану қажет.
– Жалпы, жағдай пессимистік сипатта ма?
– Жоқ, әрине. Біз болжамдарды, тәуекелдерді, қауіп-қатерлерді оларға дайын болу үшін талқылаймыз. Бұл тәуекелдер іске асады деп біржолата айтуға болмайды.
Мысалы, Қазақстанда талантты ұжым жиналып, үлкен жұмыс жасап отырған Ақпарат және коммуни­кациялар министрлігі құрылды.
Бірқатар дайындық кездесулерінің қатысушысы ретінде «G-20» деңгейінде барлық тараптар позитивті көзқараста екендігін атап өткім келеді. «G-20» мемлекеттері жағымсыз экономикалық сценарийлерді болдырмау үшін үйлестіріліп барлық мүмкін, фискалды, монетарлық және құрылымдық шараларды қабылдайды.
Терроризм, экстремизм және бөлек қауіптерді болдырмау саласында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі деңгейін­де үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.
Осы жылдың наурыз айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 4-ші Саммит аясында Қазақстан Президенті «Әлем. 21 ғасыр» манифесін ұсынды. Бұл құжат Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ресми қабыл­данды.
Үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақстан 2 жылдық мерзімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне сайланды. Бұл – біздің еліміз үшін үлкен мәртебе.
Сондықтан позитивті көзқараспен жұмыс істеуді және алға жүруді ұсынамын.
– Сұхбатыңызға көп рақмет!

Сұхбаттасқан  
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ