Басты  /  мақалалар  /  Бейберекеттік белгісі ме?

Бейберекеттік белгісі ме?

Нұртөре ЖҮСІП
1743
Бейберекеттік белгісі ме? «Әкесін сабағанды көріп едім, бірақ арбаға таңып сабағанды бірінші рет көруім» дегендей, қазір небір солақай аударманы да көретін болдық.

Қазақстанның бірқатар ақпарат құралы соңғы аптада «сібір жарасы» туралы жарыса жазды. Мұндай «әттеген-ай» әлеуметтік желіде орын алса жөн. Бұл өрескелдіктің газеттерге жеткені – сөз майданында дабыл қағарлық жағдай орныққанынан хабар береді.

«Сибирская язваның» қазақшасы «Сібір жарасы» емес!

Атам қазақ бұл ауруды «күйдіргі» деп атаған. Ежелден мал баққан ел едік. Бұл тараптағы талай аурудың атын да, затын да білетін сияқты едік...
«Күйдіргі» деген атауы тұрғанда, оны «Сібір жарасы» деп қойып қалу – туған тіліміздің бар қасиетін жойып қалуға бастайтынын есте ұстайық.
Бір білгіштің кезінде «Хор Турецкого» дегенді «Түрік хоры» деп аударғанын көргенбіз...
Аударғанның жөні осы екен деп, айдалаға лақпайық!
Сөздің мәні мен мәйегін сақтайық!