Басты  /  мақалалар  /  Адам Атаның бойы 30 метр болған

Адам Атаның бойы 30 метр болған

Төреғали ТӘШЕНОВ
4045
Адам Атаның бойы 30 метр болған Грек аңызындағы Геракл, болмаса «Қаңбақ шал» ертегісіндегі жалғыз көзді дәу секілді алып адамдар шынымен де жер бетінде болған ба? Олардың болғанын айғақтайтын заттай айғақтар бар ма?

Бар. Қазіргі дамыған ғылым алыптардың болғанын заттай айғақтар арқылы да дәлелдеп отыр.Қараңыз, Египеттегі Хафра перғауынның храмына салмағы 500 тонна тартатын тас қаланған.Ал Грекияда қабырғасының қалыңдығы 20 метрге жететін, ал қаланған әр тастың салмағы 125 тонна тартатын Тиринф қабырғасы сақталған. Ал Пасха аралында биіктігі 8 метрден асатын, салмағы 50 тоннаны құрайтын 500 тас мүсіндер сақталған. Олардың барлығы да алыстан тасып әкелінген. Мұндай алып тастарды алыптар көтермегенде кімдер көтереді? Мұны бір деп қойыңыз.

Ресейлік ғалымдар қай бір жылы Сирия, Ливан, Египетті аралап жүріп, тасқа түскен алып адамның табанының ізін (90 см) тапқанын жария етті. Оқымыстылардың ойынша, алып адамның аяғының ізі осылай болғанда, оның салмағы 3,5-5 тоннаны, ал бойы 6,5- 10 метрді құраған деп болжауға болады.

Егер алып адамдар жер бетінде шынымен өмір сүрсе, онда динозаврдың сүйегін тауып жатқан ғалымдар алып адамның сүйегін неге таппайды? Дұрыс сұрақ. Бұл сұраққа оқымыстылар ертедегі алыптар өлгендердің сүйегін жер қойнына бермегенімен байланыстырады. Солзаманда-ақозықтехнологиянымеңгергеноларсүйектердіөртеп, күлінғанақалдырған. Дегенменалыпадамныңсүйегітабылмадыемес, табылды!

Құран Кәрімде Алла Тағала жойып жіберген Ад қауымы туралы айтылады. Ад қауымының адамдары зор денелi, өте алып күштiң иелерi болған. Өздерiн ең күштi санап, адамгершiлiкке жатпайтын қылықтар iстей бастаған. Сондықтан да жер бетінен жойылған. 2006 жылы жазда Сауд Арабиясында ұзындығы 10 метрге жететін адам сүйегі табылған. Археологтар мен ислам оқымыстыларының пікірінше, бұл сүйек Құранда айтылатын Ад қауымынан қалған қалдық болса керек. 1991 жылы америкалық археологтар ғарыштан спутниктік бақылау арқылы алып сүйек табылған жерден Ад қауымының үй-жайларының қалдықтарын тапқан.

Діни аңыздарда Адам Ата мен Хауа ананың алып адамдар болғаны айтылады. Адам Ата 900 жыл өмір сүрген делінеді. Ал Шығыс Азия елдерінде сақталған «Будданың 60 ерекшелігі мен 32 қыры» деген жазбада, оның дене бітімінің өте алып болғаны айтылады.

Дамаскіден онша қашық емес жерде Адам Ата мен Хауа ананың ұлы Әбілдің моласы бар. Араб елдерінен әлі күнге дейін көптеген адамдар онда тәу етуге келіп тұратын көрінеді. Ол моланы ислам ағымының «друздар» деп аталатын өкілдері 300 жылдан аса уақыт бойы күзетіп келеді. Олар арамей тілінің сириялық диалектісінде, яғни Иса пайғамбардың тірі кезіндегі тілде сөйлейді. Әбілдің граниттен жасалған моласының ұзындығы 5 метр 71 см. және ені 1 метр 80 см. Мұндай алып молалардың талайын кезінде мұсылмандар бульдозермен бұзып тастаған.

Бұл табылған сүйектердің бәрі алып адамдардыкі ме, жоқ «қар адамыныкі» ме, әлде қолдан құрастырылған жасанды ма? Оқымыстылар ежелгі адамдардың қазіргі адамдардан неліктен алып болғанына нақты жауап таппай отыр. Кейбір физик ғалымдардың ойынша, атмосфералық қысым мыңдаған жылдар бұрын қазіргіден 8-9 есе артық болған, ал ағаштардың бойы 1 шақырымға дейін өскен. Ал атлант адамдардың бойы 18 метрге жеткен. Мұның бәрі табиғаттың жайлы кезінде болған, кейін табиғат өзгерген делінеді.

Шумер аңызы бойынша, өзге әлемнен келгендер жер бетіндегі әйелдерге үйленіп, олардан тек алыптар туған. Ақырында өздеріне күш көрсеткендіктен өзге әлемнен келгендер ол алыптардың бәрін қырып тастауға мәжбүр болған. Кім білсін...