Басты  /  мақалалар  /  ҮШІНШІ ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ДА ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ БОЛУЫ ТИІС

ҮШІНШІ ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ДА ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ БОЛУЫ ТИІС

Айқын-ақпарат
2883
ҮШІНШІ ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘРБІР ТҰРҒЫННЫҢ ДА ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ БОЛУЫ ТИІС Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕК, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Нұрлыбек Жеңісбекұлы, Шымкент шаһары бүгiнгi таңда республиканың қуатты қар­жылық, инновациялық, мәдени орталығына ай­налып келе жатқаны белгілі. Болашақта Шым­кенттiң шырайын қалай елестетемiз? Ме­гаполис ретiнде шаһардың кескiн-келбетiнде қандай өзгерiстер орын алмақ?
– Шымкент – тарихы тереңде жатқан кө­­не қала. Қаланың Бас жоспары әлдеқашан бе­кiтiлген. Оның үстiне, шымкенттiктердiң қа­ланы басқарған әрбiр әкiмнiң қолтаңбасын са­намалап отыратыны да жасырын емес. Әлi күн­ге дейiн ел «Д.Қонаев даңғылын, «Нұрсәт» ша­ғынауданын салған – Болат Жылқышиев, гүл­зарлар мен саябақтардың ретке келтiрiлуi – Өмiрзақ Шөкеевтiң iсi, «Даңқ» мемориалды ке­шенi мен Тәуелсiздiк саябағы – Асқар Мыр­­захметовтiң қолтаңбасы» деп отырады. Асан­бай Асқаровтан шымкенттiктерге мұра бо­лып қалған Демалыс аймағы да осы бiр қол­таңбаға мән беру үрдiсiн танытады. Де­ген­мен, қаламызға бес ай бұрын әкiм болып та­ғайындалған Ғабидолла Әбдiрахымовқа Ел­басы жүктеген мiндеттер аз емес. Пре­зи­ден­тіміз Шымкенттiң әлеуметтiк, эконо­ми­ка­лық дамуына үлкен мән бере отырып, нақ­ты жобалардың жүзеге асуына үнемi назар ау­дарып отырады. Сондықтан болар, қала бас­шысы, бірден іске көшіп, «Шымкент қа­ла­сының 2020 жылдарға арналған даму тұжы­рымдамасын» жасап шықты. Қазіргі таңда сол болашақ жобалардың алғашқы дайындық жұмыстары басталып та кетті. 
– Қаланың алдағы 5 жылдық жоспарына сай, таяу болашақта жүзеге асырылатын қан­дай ірі жобаларды ерекше атап өтер едіңіз? 
– Атап өтуге тұрарлық жобалар да бар. Жал­пы, 2016-2018 жылдары барлығы 205 ны­сан­ның құрылысы екі бағытта жүргізіледі. Тар­қатып айтсақ, олардың 106-сы жаңа әкім­шілік-іскерлік орталығы аумағында бой кө­терсе, 99-ы «Тұран» шағынауданында салы­на­ды. Айталық, «Тұран» шағынауданының сол­түстік-батыс бөлігінде «Shymkent city» за­манауи тұрғын және іскерлік орталығын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, алдағы уа­қытта еліміз бойынша ең ірі ойын-сауық ак­вапаркі де аталған шағынауданда салынбақ. Қазірдің өзінде көптеген инвесторлар осы жо­баны салу үшін қызығушылық танытуда. 
– Шымкенттің Оңтүстік шекарадағы ин­дуст­риалды аймақ ретінде қандай жұмыстар ат­қарылуда?
– Елдiң әлеуметтiк мәселесiн шешуге өнер­кәсiп орындарының көптеп ашылуы оң ық­палын тигiзедi. Бұл орайда мегаполис ре­тiнде Шымкенттiң индустриалық-инно­вация­лық жоба-жоспарлары әрi қарай да жү­зеге аса бермек. Оңтүстiк Қазақстан об­лы­сы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы №77 қаулысына сәйкес, биыл Шымкент қа­ла­­сы бойынша 20,9 млрд теңгеге 5 ин­вес­тиция­лық жобаны iске қосу жоспарланған. Сонымен қатар 2016 жылы iске қосылатын жо­балардың 13-i биыл жүзеге аспақ. Осы­лай­ша, Шымкентте 47,4 млрд теңгеге 1893 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк беретiн жалпы 18 жоба iске қосылады. Оның iшiнде «Амир-А» ЖШС-ның «Арматура шығаратын зауы­ты» және «Бал Текстиль» ЖШС-ның «Синтетикалық иiрiмжiп шығаратын цех» жо­баларына жалпы 2 120 млн теңге жұмса­лып, 45 жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейiн 1 088 жұмыс орнымен қамтитын 8 жоба iске қосылады. 
– Шымкенттiктердi «қалада троллейбустар жүре ме? Метро салына ма?» деген сауалдар ма­за­лап жүргенiн де бiлемiз. Бұл туралы не дей­сіз?
– Шымкентте 2004 жылға дейiн трол­лей­бустар жолаушы тасымалымен айналысып кел­дi. Бiрақ қызмет көрсету сапасының на­шар­лығын, оның үстiне, жылдар өте қала кө­шелерiндегi көлiк нөпiрiнiң ұлғаюын, жол­дың тарлығын ескере отырып, трол­лей­бус­тар­дың қажеттiлiгi жоқ деген шешiм қабыл­дан­ды. Ал жолаушылар тасымалдау iсiн жан­дандыруда қала әкiмiнiң бастамасымен қолға алынып отырған нақты игi iстер аз емес. Белгiленген кесте бойынша жүрмейтiн, гра­фигiн бұзып, жолаушы тасымалдау iсiне сал­ғырт қараған компаниялармен келiсiмшарттар үзiлуде. Былтыр қалаға 200 жаңа автобус алын­ды, биыл 100 автобус әкелiнедi.
Қоғамдық көлік, санитарлық тазалық, ком­муналдық жұмыстарды жақсарту үшін қа­ла әкiмi Ғабидолла Рахматоллаұлының ұсы­нысымен арнайы Whatsapp нөмiрiн енгізу қол­ға алынған. Сол арқылы тұрғындар кез кел­ген уақытта түйткiлдi мәселенi, орын ал­ған келеңсiз жағдайды суретке тартып, бей­нетүсiрiлiмдi 87778858513 нөмiрiне жолдай ала­ды. Әсіресе, бұл автобустардағы жайсыз жағ­дайлар мен жол-көлiк оқиғасы, тәртiп­сiз­дiк, бұзақылық сияқты келеңсiздiктердi бол­дырмауға, алдын алуға септiгiн тигiзуде. Қала тұрғындарынан 2016 жылдың қаңтар айына дейін 1805 өтініш түсіп, оның 1719-ының шешімі табылды. 86 өтініш орындалу барысында. Бұ­ған қоса, қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық­бұзушылықтың алдын алу үшін қалалық ішкі істер басқармасында да «WhatsApp» қызметі ашылды. Осы ретте айта кету қажет, қала ау­мағындағы қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу мақсатында әр апта­ның жұма, сенбі күндері «Қауіпсіз қала» атты рейд­тік іс-шарасын өткізу қолға алынды. Нә­тижесінде, орын алған қылмыстар ізін суыт­пай ашылып, қо­ғам­дық орындардағы қыл­мыстар саны азай­ды. Бұл байланыс түрi өз тиiмдiлiгiн көрсетiп жатыр. Тәртiп бұзған азаматтар көбiне кiнәсiн мойындамай, жауапкер­шiлiктен жалтаруға тырысады. Сол сәт­те тұрғындар Whatsapp нөмiрi арқылы жi­бер­ген фото, бейне дәйектер дәлел ретiнде пай­даланылуда.
– Миллион тұрғыны бар қала үшін қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер де аз болмасы анық. Қазіргі таңда шымкенттіктерді кө­бірек қандай мәселелер толғандырады? 
– Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ат­ты Жолдауында Шымкентті ірі қалалар аг­ломерациясына енгізіп, заманауи урба­нис­тік орталыққа айналдыру туралы тапсырма берді. Бүгінде қалаға қатысты атқарылып жатқан ау­қымды жұмыстардың барлығы осы тап­сыр­маны орындау мақсатында қолға алынған. Өзіңіз айтқан, тұжырымдама да Елбасы Жол­дауларындағы басым бағыттар негізінде әзір­лен­ді. Түпкілікті мақсат – Шымкентті тұр­ғын­дардың тұруына барлық жағынан қолайлы әрі инвесторларға, туристерге тартымды мегаполиске айналдыру. Тұжырымдамаға сәй­кес алдымен инженерлік-коммуни­кация­лық жүйелерді дамытуға көңіл бөлінеді. Өйт­кені еліміздегі ең ірі үш қаланың біріне ай­налып келе жатқан Шымкенттің тұрғындары сапалы ауызсу, жарық, газ, т.б. ешқандай қиын­­дық көрмеуі қажет. Бүгінде әлемдегі ірі ме­гаполистердің бетпе-бет келетін проблема­ла­рының бірі – көлік кептелегі. Сондықтан қа­зірден бастап осы мәселе қолға алынуда. Аталған құжатты әзірлеу барысында бірінші ке­зекте қала тұрғындарының ұсыныс-пікір­лері назарға алынғанын баса айтқым келеді. Мәселен, біз шымкенттіктердің арасында ар­найы сауалнама жүргіздік. Көптеген жер­гі­лікті тұрғындар өздерінің пікірлерін біл­дірді, қалаға қатысты өткір проблемаларды көтергендер де болды. Айталық, бірінің қа­ла­дағы медициналық көмек көрсету қыз­ме­тіне көңілдері толмаса, енді бірі жолдардың са­пасына сын айтып жатты. Тіпті жұмыс­сыздық мәселесі де көтерілді. Жергілікті тұр­ғындар тарапынан қаланың экологиясы, жол қауіпсіздігі, көгалдандыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану секілді мә­се­лелер де қозғалды. Әрине, мұның барлығы күн тәртібімізден ешуақытта түскен емес. Ең бастысы, көптеген шымкенттіктердің қа­лаға қатысты мәселелерге бей-жай қарап қалмай­тыны қуантты. Шымкент ертеден «жасыл желекті қала» деген атауға ие. Біз шаһа­рымыздың осы бір керемет атауын іс жү­зінде сақтай отырып, таяу болашақта оны за­манауи қалаға айналдыруымыз керек. 
– Қала әкімі шаһарға қосылған елді ме­кен­дердің жұмысымен танысты. Жақында Шым­кент қаласы әкімінің 2015 жылы атқарылған жұ­мыстары жөніндегі есебі өтті. Онда шаһар тұр­ғындарын толғандырған мәселе инфра­құры­лым, коммуналдық мәселе болды. Осы тұрғыда қан­дай жұмыстар атқарылуда?
– Шаһар қысқа уақыт ішінде қалада бір­қа­тар оңды өзгерістер орын алды. Бұл әуелі қа­ла тұрғындарының еңбекқорлығы болса, екін­шіден, қала басшысы іскерлігінің бел­­гісі деуге болады. Қалада маңызды сал­а­лар­­дың бірі – қоғамдық көлік қызметі. 2015 жылы қала халқына 27 көлік компаниясы 76 ба­ғытта, 1112 кестемен қызмет көрсетті. 2015 жы­лы қоғамдық көлік бағыттарында элек­т­рон­ды билет жүйесін енгізу мақсатында, Шым­кент қаласы әкімдігі және Оңтүстік Ко­реялық «Korea Smart Company Co. LTD» ком­паниясымен меморандум жасалды. Бұл ком­панияның қызметкерлері биылғы қаңтар-ақ­пан айларында қаладағы қоғамдық көлік ба­ғыттарына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүр­г­ізді. Зерттеу нәтижесіне сәй­кес, қоғамдық көлік бағыттарында элект­ро­н­ды билет жүйесі бойынша нақты ұсыныстар ен­гізеді. Сонымен қатар су алудың алдын алу мақ­сатында «Қош­қар ата» өзенінің соңғы бө­лігі, «Самал-3» шағынауданынан «Алматы – Таш­кент» айнал­ма тас жолына дейінгі 4,4 ша­қырымын күр­делі жөндеуге жергілікті бюд­жет есебінен 217,0 млн теңге бөлініп, иге­рілді. Қалада өзекті мәселеге айналған ир­ригациялық жүйелерін жөндеу мен қал­пына келтіру бойын­ша 31 мекенжайда жал­пы 9,8 шақы­рым ирригациялық лоток салу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы өзекті мәсе­лелердің бірі – қоқыс полигоны. Қоқыс по­ли­гондарын тиімді орналастыру мәселесі қала әкімдігінің күн тәртібіне қойылып, өзекті мәселеге айналған «Мәртөбе» елді мекеніндегі қоқыс полигонының жұмысы тоқтатылды. 
Жағымды жаңалық ретінде, бұған қоса, қо­ғамдық тәртіпті күшейту, құқықбұзу­шы­лық­тың алдын алу үшін қалалық ішкі істер бас­қармасында да «WhatsApp» қызметі ашыл­ды. Осы ретте айта кету қажет, қала аума­ғын­да­ғы қоғамдық орындарда, көшелерде қыл­мыстың алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі күндері «Қауіпсіз қала» атты рейд­тік іс-шарасын өткізу қолға алынды. Нә­тижесінде, орын алған қылмыстар ізін суыт­пай ашылып, қоғамдық орындардағы қыл­мыс­тар саны азайды. Ішкі істер бас­қар­масының жұ­мы­сы басты назарға алынып, саябақтардағы қоғамдық тәртіпті бақылайтын патруль қыз­меткерлеріне арнайы велосипедтер табыс­тал­ды. Сонымен қатар қала әкімдігіне келген аза­маттарға қолайлы қызмет көрсету үшін ар­найы анықтама қызметі – «Reception» ха­лық­қа қызмет етуде. Мұндай жоба жергілікті атқарушы органдар жүйесінде алғаш рет орын алып отыр. 
2016 жылы қала әкімдігінің негізгі мін­деттері туралы шаһар басшысы алға аса жауап­ты міндеттер жүктеді. 2015 жылы қала тұр­ғындарын толғандыратын негізгі мәсе­ле­лерді анықтап, оларды шешу үшін әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Нәтижесінде «Шым­кент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұ­жырымдамасы» дайындалып, облыс әкімдігі, депутаттар және бұқаралық ақпарат құрал­да­рының қатысумен өткен жиында таныс­ты­рылып, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Тұ­жырымдамада айқындалған міндеттер 2016 жылдың бюджетіне енгізіліп, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады.

Сұхбаттасқан Н. ЕДІГЕ