Басты  /  мақалалар  /  САУАТТЫ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

САУАТТЫ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айқын-ақпарат
3938
САУАТТЫ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Қазақстан Респубикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру үшін және 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында мектепалды топтар мен балабақша, шағын орталық педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттырып, ғылыми-әдістемелік негізін жасау, мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмыстарын одан әрі жандандырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтуды аудан көлемінде 100 пайызға жеткізу басты міндеттердің бірі. Ол үшін мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын арттыру мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында шығармашылықпен жұмыс жүргізетін балабақшалар қауымдастығының жұмысын жетілдіру, жаңадан ашылған балабақшаларға әдістемелік көмек беру. Осыған орай, Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира Бақтыбайқызы Қасымовамен тілдескен едік. 

– Елбасымыздың «100 нақты қадам» бағдарламасында жеткіншек ұрпаққа мектеп табалдырығынан бастап, жоғары оқу орындарына дейін әлемдік деңгейде білім мен тәрбие берілуі керектігі айтылған. Бұл орайда, ауданда қандай игілікті шаралар атқарылуда? 
– «Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы» Қазақстанның сыртқы қауіп-қатерлерге берген жауабы десек болады. Елбасының стратегиялық бастамасы еліміздің тұрақты дамуы мен 30 дамыған елдің қатарына енуге бағытталған. Осы тұрғыда Елбасы Ұлт жоспары аясында білім саласында бірқатар реформаларды жүргізуді тапсырды. Оның басты лейтмотиві – білім мен ғылым жүйесі уақыт талабына жауап бере алуы керек. Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, Қазақстанда жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланған. Оның басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру, қазақстандықтардың әлемдік қауымдастыққа және халықаралық процестерге еркін араласуына жол ашу. Сонымен қатар бұл жаңашылдық Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеретін болады.Сондай-ақ, осы бағыт аясында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мек­тептерді ынталандыру жүйесін құру жоспарлануда.
Бұдан өзге, экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орын­дарына тарату жүргізіледі.
«Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстан – ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге кіріседі. Осы бағытта біздің алдымызда екі міндет бар. Біріншісі, ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыруға негіз болатын екі инновациялық кластер құру. Екіншісі, ғылыми және ғылыми техникалық жұмыс нәтижелерін коммер­цияландыру жүйесін құру. Ол үшін арнайы заң жобасын жасау керек. Осы екі міндетті шешу мәселесі өте өзекті.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-2020 жылға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылды? 
– Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Себебі, ел тізгініне ертеңгі болашағымыз иелік еткен шақта ғана өркениет қарыштап дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің қастерлі міндеті. Осы міндеттерді орындап, сенім үдесінен шығу мақсатында білім беру саласында елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазіргі таңда аудан бойынша 27 балабақша (19 мемлекеттік, 8 жеке) жә­не 32 шағын орталық,( толық күн бола­тын шағын орталық саны-16) бар­лығы 59 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Өткен жыл соңында «Аида», «Мирас», «Дарын» жеке бала­бақшалары жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде ашылып жұмыс жасауда. Жанқожа батыр ауылынан апаттық жағдайдағы №24 «Жауқазын» балабақшасының орнына 90 орынға арналған жаңа балабақша құрылысы салынып, 30 орынға 2 топ қо­сым­ша қосылды. Сонымен қатар Аранды ауылындағы №97 мектеп жанынан 20 орынға, Сарыбұлақ ауылындағы №78 мектеп жанынан 20 орынға арналған, бар­лығы 40 орынға арналған шағын орталық­тар ашылып жұмыс жүргізуде.
Қоғам қайраткері М.Шоқайдың 125 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтіп, оған аудан оқушылары да белсене атсалысты. Алаш ардақтысын дәріптеу мақсатында мектеп оқушылары мен студенттер арасында өткізілген облыстық жыр мүшайрасына №91, №25, №97 мектептің оқушылары қатысып, сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иемденді. «Мұстафа Шоқай Түркі халықтарының ұлы перзенті» атты аудандық ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Нәтижесінде облыстық кезеңіне жолдама алған №№ 88,204 мектеп оқушылары жүлделі ІІІ орын иеленді. «Тарихи тағылым және болашақ Қазақстан» атты аудандық көрмелер байқауы өткізіліп, облыстық көрмелер байқауында жүлделі ІІ орын иеленді. Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткізілген «Руханият және келісім – татулығы мен бірлігі жарасқан елдің кепілі» атты шығармалар байқауының облыстық кезеңіне қатысып, нәтижесінде №216 мектептің оқушысы І орын иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай «Мен – қазақстандықпын!» атты ау­дандық шығармалар байқауы өткізілді. Шығармалар байқауына аудан мектеп­терінен 8,9,10,11 сыныптардан 48 оқу­шысының жұмысы қатыстырылып, бай­қауы қорытындысы бойынша №25, №70, 24 мектептің оқушылары байқаудың республикалық кезеңіне қаты­сып жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық ор­талығының ұйымдастыруымен өткізілген ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңіне 56 оқушының жұмысы 4 бағыт бойынша қатыстырылып, конкурстың облыстық кезеңіне 28 оқушысының жұмысы ұсынылды. Нәтижесінде аудан оқушылары бір І орын, төрт ІІ орын, төрт ІІІ орын иеленді. 
– Өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша, ауданның көрсеткіші қалай болды? 
– 2014 – 2015 оқу жылын 756 оқушы 11 сы­ныпты бітіріп 466 оқушы (550 оқушы қазақ 16 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тес­тілеуге қатысты. Қатысу пайызы – 61,6.
Ұлттық бірыңғай тестілеу қоры­тындысымен мектептердің орташа балы 82,2 балды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 7 балға жоғары болды. 2014 жылы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 20 үміткерден барлығы 10 оқушы «Алтын белгі» белгілерін, үздік аттестатқа 7 үміткер ұсынылып барлығы 4 оқушы (57,1%) ақтап шықса, 2015 жылы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылған 24 үміткерден барлығы – 21 оқушы (87,5%) «Алтын белгі» белгілерін, үздік аттестатқа 2 үміткер ұсынылып 2 оқушы да (100%) ақтап шықты. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 11 оқушыға артық болып отыр. Аудан бойынша 2015-2016 оқу жылын 33 орта мектептен – 721 оқушы бітіргелі отыр. Қазіргі таңда бітіруші 721 оқушының 498 оқушы (69%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 80,8 балды құрап отыр. 17 мектептен 40 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 5 мектептен 13 үміткер «Үздік аттестатқа» барлығы 53 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр. Сонымен қатар Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» оқу сауықтыру орталығында 2015 жылдың 17-27 қаңтар аралығында 100 оқушы 2 млн теңгеге дайындық жұмыстарын жүргізіп қайтса, бүгінгі таңда «Алтын белгі» белгісіне және үздік аттестатқа үміткерлерден ақпан айының 23 жұлдызынан бастап 50 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде. (1 млн теңге)
Тұңғыш рет 2016 жылдың 23-31 наурыз аралығында ІІІ оқу тоқсанының демалыс күндерінде мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларынан құралған жұмыс тобы бітіруші 100 оқушыны Қызылорда қаласына шақырып, университет базасында тегін консультациялық оқыту семинар өткізетін болады.
– Оқушылардың біліктілігін арттыру үшін түрлі олимпиадалық жарыстарға қатыстыру маңызды екені белгілі. Бұл салада атқарылған шаралар туралы не айтар едіңіз? 
– Білім бөлімінің әдістемелік ка­бинеті мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын арттыруда жоспарлы түрде көптеген жұмыстарды жүргізеді. Атап өтер болсақ, «Үздік тарих пәні мұғалімі», «Үздік биология пәні мұғалімі», «Үздік жас педагог-психолог» байқаулары, 8-11 сыныптар арасында Жанқожа батырдың 240 жылдығына орай ғылыми жобалар, «Қазақ хандығы тарихының Сыр өңіріндегі орны» тақырыбындағы ғылыми жобалар, «Тарихи тағылым – болашақ Қазақстан» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық көрмелер байқауы, 1-7сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының Х Республикалық «Зерде» конкурсы «Тарих ата» олимпиадасы, «Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұрасы» оқуы, «Абай», «Махамбет», «Мұқағали» оқулары, «Туады ерлер Ел үшін» Қазақ батырлық эпостарын орындау, Жаратылыстану, гуманитарлық бағыт бойынша үздік мультимедиялық таныстырылым, Үздік панорамалык сабақ, білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдер арасындағы «Ақпарат – білім берудің қайнар көзі» атты аудандық онкүндік, білім беру үрдісінде ақпараттық және әдістемелік технологияларды қолдануды тарату және мұғалімдердің АКТ құзырлылығын дамыту мақсатында деңгейлік бағдарламалар курсынан өткен мұғалімдердің «Шы­ғармашылық сабақтары», «Алтын диск – 2015», «Үздік информатика пәні мұғалімі» кәсіби байқауларын жыл сайын ұйымдастырып отыру дәстүрге айналған. Қазақ хандығы­ның 550 жылдығы аясында арналған «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты айлық өткізілді. Бір айға созылған шара барысында үздік ашық сабақтар шеруі, пән олимпиадасы, оқушылардың ғылыми жобасы, «Тарихи тағылым және болашақ Қазақстан» атты аудандық көрмелер байқауы, мектеп мұғалімдерінің осы тақырыпта конференциясы, өткізіліп қорытындысында жеңімпаз мұғалімдері мен оқушылар аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Мектеп ұстаздары арасында «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты аудандық байқау өткізіліп, байқау жеңімпазы деп таныған №226 гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Аймағамбатова облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қорытындысымен №17,70,216,266,93 мектеп мұғалімдері облыстық турдың жеңімпазы атанып, іс-тәжірибелері облыс көлеміне таралуда. 
Мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында «Тілдарын – 2015» байқауы өткізіліп, жеңімпаз деп танылған №249 мектеп-лицейдің оқушысы байқаудың облыстық кезеңінен ІІ орын иемденді.
Аудан мектептерінің жас мамандары арасында «Біліктінің орны төр» атты аудандық байқау өткізіліп келеді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған №204 мектептің мұғалімі сайыстың облыстық кезеңінен жүлделі ІІ орын иеленді.

Миуа БАЙНАЗАРОВА, 
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы