Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстан 19 елге визасыз режим енгізді

Қазақстан 19 елге визасыз режим енгізді

Жолдасбек Дуанабай
1043
Қазақстан 19 елге визасыз режим енгізді Қазақстан шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін 19 елге визасыз режим енгізді деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония инвесторлары Қазақстан енгізген визасыз келіп-кететін елдердің тізіміне енді.
ИДМ 2015 жылдың қаңтарынан бастап өткен жылы мемлекет басшысы қабылдаған инвестицияға мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды бастады. 
Бүгінде 5 институционалды реформа бойынша 100 нақты қадамның орындалуын есепке ала отырып, Инвестиция және даму министрлігі қосымша қаржыны қажет етпейтін шараларды қолға алады.
 BAQ.KZ