Негізгі бет  /  мақалалар  /  Америка құшағын ашты

Америка құшағын ашты

Айқын-ақпарат
1081
Америка құшағын ашты "АҚШ 2016 бюджеттік жылы он мың сириялық босқынды қабылдайтын болды", - деп хабарлады Ақ үй өкілі Би-би-сиге.

Сирияда 4 жылдан бері болып жатқан азаматтық соғыс салдарынан бұған дейін елдің 1500 азаматы АҚШ-қа қоныс аударуға рұқсат алған.
Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің айтуынша, босқындарға ең тиімді көмек түрі - қаржылай көмек. Осы тұста ол АҚШ халықаралық ұйымдарға 4 млрд. доллар аударғанын айта кетті.
АҚШ-та бюджеттік жыл 1 қазаннан басталады.
ҚазАқпарат