Негізгі бет  /  мақалалар  /  Елші екі бірдей қызды зорлапты

Елші екі бірдей қызды зорлапты

Айқын-ақпарат
1159
Елші екі бірдей қызды зорлапты Үндістандағы Сауд Арабиясының елшілігінде қызмет ететін дипломат екі бірдей әйелді зорлады деп айыпталып отыр.

Жәбірленушілердің екеуі де Непалдан келген жұмысшылар, олар елшінің Нью-Делидегі үйінде шаруашылықпен айналысқан, деп хабарлайды Reuters.
Жәбірленген әйелдердің бірі отызда, екіншісі 50 жаста. Олар алғашында елшінің Сауд Арабиясындағы үйінде шаруашылық жұмыстарын атқарған екен. Осыдан бірнеше ай бұрын күдікті ер азамат екеуін де өзімен бірге Үндістанға ертіп әкеткен. Мұнда оларды зорлаумен қоймай аштықта ұстапты.«Елшімен бірге өзге де ер азаматтар үйге келетін. Олар бізді ұрып-соғып, кейін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлейтін», - дейді жәбірленушілердің бірі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 7 қыркүйек күні Непалдың Үндістандағы елшілері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері әйелдердің жағдайын айтып арызданып келген. Мұнан кейін олар дереу бостандыққа шығыпты. Ал, басты күдіктіні қазір дипломат мәртебесінен айыру мәселесі қаралып жатыр.
Медициналық сараптамалар жәбірленушілердің расымен де зорланғанын дәлелдеп отыр. Сауд Арабиясының Үндістандағы елшілігі болса бұл жайға байланысты түсінік беруден бас тартты.
Baq.kz