Негізгі бет  /  мақалалар  /  50 босқын тұншығып қалған

50 босқын тұншығып қалған

Жолдасбек Дуанабай
973
50 босқын тұншығып қалған Австрияда 50-ге жуық босқынның мәйіті жатқан жүк көлігі табылды.

Көп ұзамай жергілікті полиция мигранттарды заңсыз тасымалдаған 3 күдіктіні ұстаған. Іле-шала олардың біреуі кінәсін мойындады.
Ақшаға құныққан жүргізушілер Сербиядан шыққан бойда Австрияға дейін еш тоқтамай жүре берген. Ауа жұтым тесігі жоқ жүк көлігінде жатқан келімсектер дем жетпей, тұншығып ажал құшқан.
Қолда бар мәліметтер бойынша, жыл басынан бері Еуроодақ шекарасын 340 мың кірме кесіп өткен.
Сарапшылардың айтуынша, заңсыз мигранттарға қатысты дағдарыстың ушыққаны соншалық, бейбіт күндегі ахуал ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі жағдаймен тең.
24.kz