Негізгі бет  /  мақалалар  /  АКТЕР АЛДА КЕЛЕДІ

АКТЕР АЛДА КЕЛЕДІ

Айқын-ақпарат
923
АКТЕР АЛДА КЕЛЕДІ Гватемаладағы президент сайлауының бірінші турында ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс жасап көрмеген бұрынғы режиссер, актер-комик Джимми Моралес көп дауыс жинады.

Актерге сайлаушылардың 24 пайызы дауыс берген. Ол осы нәтижемен, елдің бұрынғы бірінші ханымы, кәсіпкер Сандра Торреспен теңесті.
Енді екеуінің біреуі қазан айында өтетін президенттік сайлаудың екінші турында Моралеспен таласатын болады.
Бұрынғы мемлекет басшысы Отто Перес Молина кеден салықтарынан босату үшін пара алды деген күдікпен қызметінен шеттетілген. Алайда, оның өзі тағылған айыпты теріске шығарып отыр.
Президент сайлауында тағы бір үміткер Мануэль Бальдисон болған. Алайда, сайлаушылардың дені оның достарының сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығы туралы білгеннен кейін актер Моралеске дауыс беріп кетті.
"Казинформ" АА