Негізгі бет  /  мақалалар  /  Азияда алаңдаушылық бар

Азияда алаңдаушылық бар

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ
1500
Азияда алаңдаушылық бар Орта Азия аспанын бір қара бұлт торлай бастағандай. Олай дейтініміздің жөні бар. Себебі бұл аймақта да Таяу Шығысты қанға бөктіріп жатқан «Ислам мемлекеті» содырларының қара туы қаптап көтерілуде.

 Тіпті өрескел әрекеттерге, қанды қақтығыстар үйреншікті жағдайға айналды. Бұл жақсылықтың нышаны болмаса керек-ті. Кеше ғана Тәжікстанда болған қарулы қақтығыс осының бір көрінісі.Тәжік президенті Эмомали Рахмонның бұйрығымен орнынан алынған Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Абдулхалим Назарзода қарулы жасағын алып тауға шығып кетті. Жай кеткен жоқ, Вахдат шаһарындағы ІІД бөліміне шабуыл жасады. Бұл қақтығыста күштік құрылым жағынан 30-дан астам жауынгер қаза тапса (ресми Душанбе 9 милиционер деп көрсетеді). Назарзоды тобынан 13 адам оққа ұшқан көрінеді. 

Жалпы, генерал Абдулхалимнің тобын­да­ғылар жай адам емес, елдегі шабуыл­дау­шы-десанттық ротаның 136 жауынгері бар. Бұлардың бәрі жақсы әскери дайындықтан өт­кендер. Сондай-ақ олар өздерімен бірге екі КАМАЗ-ға тиелген қару-жарақты ала кет­се керек. Қазір бүлікшіл генералдың то­бы Душанбеден 45 шақырым жердегі тау­лы Ромит шатқалына барып жасы­рын­ған. 
Бір белгілі жайт, Абдулхалим Назарзода Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының белді мүшесі. Елді қанға бөктірген  90-жыл­дардағы азамат соғысында Хажы Ха­лим деген атты жамылған дала командирі бол­ған. Тек 1997 жылы Біріккен тәжік оп­по­зициясымен билік арасында болған бей­біт келіссөзде оппозицияға берілген 30 пайыз­дық квотаның арқасында күштік құ­ры­лымға қызметке кірген еді. Ал 2014 жы­лы Қорғаныс министрінің орынбасары бо­лып тағайындалған. Ендігі тағдыры міне! Де­генмен, генерал Вахдат пен Душа­н­бе­нің шет жағында болған қарулы қақтығысқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп үлгерді. Сон­дай-ақ Вахдат қаласына келген пре­зидент Эмомали Рахмон да күштік құры­лым­дарға шабуыл жасаған «Ислам мем­ле­кеті» террорлық топтың адамдары дегенді жа­рия етті. 
Президенттің айтуынша, ол топтың құра­мында Вахдат шаһарының 46 тұрғыны бол­ған. Мейлі ғой, Тәжікстанда төңкеріс жа­сағысы келген генерал ма, әлде «Ислам мем­лекеті» тобының содырлары ма, әй­теуір бұл елде үлкен бір дүмпудің нышаны сезіле бастады. Өйткені 2012 жылы жазда  Таулы Бадахшан ауданында да осындай қан­ды қақтығыстар орын алып, билік 3 мың­нан астам әскер мен ондаған техника төге оты­рып, қырғынды әрең тоқтатқан. Ен­ді­гісі мынау. Әзірге тауда жасырынған топ ауыз­дықталған жоқ. Демек, қақтығыс бі­раз­ға дейін созылуы мүмкін. Егер де Аб­дул­ха­лим Назарзода Тәжікстанның ис­лам қайта өр­леу партиясының белді мүшесі болса, он­да елдегі осы партияның мың­да­ған мү­ше­сі көмекке келуі бек мүмкін. Онда ша­­ғын қақтығыстың арты үлкен соғысқа алып келуі ықтимал. Сол секілді қырғыз елін­де де үлкен бір дүрбелеңнің басталып кет­кені анық. Ол – парламент сайлауы. Ол 4 қазан­ға белгіленген. Қазір соған қызу дайындық, үгіт-насихат жүріп жатыр. Сай­лауға 14 пар­тия түспек. Демек, тартыс со­лар­дың ара­сында өрбиді деген сөз. Қай пар­тияның асығы алшысынан түседі, оны 4 қазан күні кө­ре жатармыз.
Бұл сайлаудағы бір түйткілді мәселе, пар­тиялар ұсынған үміткерлер арасында бұрын сотты болған, қылмыстық топтың мүшесі болған жандардың өте көптігі. Мұ­ны елдегі ІІМ-де жоққа шығармады. Қыл­мыс әлемімен байланысы барлар пар­ла­ментке өтіп кетсе, олар қаншалықты ха­­лық­­­тың сенімін, үмітін ақтамақ. Бұл өте үл­кен мәселенің бірі. Дегенмен, жергілікті сарап­шылар бұл мәселені кейінге ысырып қойып, өзге тірлік жайында болжам жа­сау­да. Олар «Бұл сайлау өте тартысты болмақ. Өйт­кені ресейшіл Алмазбек Атамбаевқа (қазіргі президент) тіс қайрап жүргендер көп. Егер де оппозиция бірігіп ортақ күшке айналатын болса, Атамбаевтың сойылын со­ғып жүрген қазіргі билік партиясы соц­иал-демократтар жеңіліс табуы да мүмкін. Ал билік әкімшілік ресурстарын пайда­ла­на­тын болса, оған келіспеген партиялар жа­ңа бір төңкеріс ұйымдастырары хақ. Өй­т­кені Атамбаевтың әсірересейшілдігі АҚШ-қа ұнап тұрған жоқ. Ақ үй оп­по­зи­ция­ның қолтығына су бүркуі мүмкін. 
Қалай айтсақ та, осы парламент сай­лауын­да Атамбаевты аяқтан шалатындар көп» деседі. Бәрі мүмкін. Соңғы кезде рес­­ми Бішкек Сирия мен Иракта соғыс жүр­­гізіп жатқан «Ислам мемлекеті» то­бында бол­ғандардың елге оралып, елдің оңтүсті­гін­де іріткі сала бастағанын жиі айта бас­та­ды. Олар да сайлау қорытын­ды­сының ша­­лағай болғанын аңдап, оп­по­зициялық пар­тиялармен бірлесе бүлік кө­теруі де ық­ти­мал. Қысқасы, Тәжікстанда соң­ғы бір ап­та­да болып жатқан қанды қақ­тығыс қыр­ғыз жерінде жалғасын тап­пасына кім кепіл?