Негізгі бет  /  мақалалар  /  Премьер-министр үйін босатып беруге әзір

Премьер-министр үйін босатып беруге әзір

Айқын-ақпарат
911
Премьер-министр үйін босатып беруге әзір Финляндия премьер-министрі Юха Сипиля өзінің жеке меншігіндегі үйін Еуро одақтың өзге елдеріне үлгі болуы үшін миграттарға босатып беруге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Сипиляның айтуынша, Кемпеледегі оның үйі босқындарға пана болуға жарайды. Осы мәлімдемесі арқылы премьер-министр финн халқын мұқтаж жандарға бейжай қарамауға шақырды.
Бұған дейін, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Ференц Дьюрчань босқындарды өз үйіне шақыратынын айтып, алғашқы келушілерді қабылдап жатқанын жазған.
Жыл басынан бері Финляндияға 7 мың босқын келіп, саяси баспана сұрады, олардың дені Ирактан.
ҚазАқпарат