Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кәсіпорындар жаңа мүмкіндіктерін ұсынды

Кәсіпорындар жаңа мүмкіндіктерін ұсынды

Ерман ӘБДИЕВ
963
Кәсіпорындар жаңа мүмкіндіктерін ұсынды Жамбыл облысының тауар өндіру­шілері тауарларын жеткізу мүмкіндігін талқылау үшін «Астана ЭКСПО–2017» ҰК бас мердігерлерімен және басшыла­рымен кездесті.

Басқосудың мақсаты жөнінде «Астана «ЭКСПО–2017» Бас­қарушы директоры – баға, сатып алу­лар және жергілікті мазмұн маркетингі жөніндегі департамент директоры Анна Боева: «Жеткізушілерге қойы­латын басты талаптар – баға, сапа және жеткізу мерзімі. Сонымен қатар «ЭКСПО–2017» көрмесінің идеясы «Бо­лашақ энергиясына» шоғырланған­дықтан, жеткізушілерге қойылатын та­ғы бір талап – бұл тауарлардың эко­-
ло­гия­лық қауіпсіздігі. Экологиялық қау­іпсіздік туралы сертификат бәсекеге қабілеттілік мәселесінде үлкен рөл ат­қа­ратын болады» деді. Сондай-ақ аймақ­тағы кәсіпорындар– «Жамбыл­гипс» АҚ, «Азмина-Мрамор» ЖШС, «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, «Арайстроймаркет – 2003» ЖШС басшылары өз өнімдерінің са­пасы, өндіріс көлемі және шығарылып отырған материалдардың артықшы­лық­тары туралы ақпарат берді.
– «Жамбылгипс» АҚ гипс өндіру­мен айналысады, бізде өзіміздің ка­рьері­міз бар. Қазір тәулігіне 600 тонна гипсты өндіре алатын зауыт құрылысы аяқталайын деп отыр, оны 2016 жылы іске қосу жоспарлануда. Гипс эколо­гия­лық таза өнім болып табылады, ол жан­байды және уытты заттарды бөлмейді, бұл экологиялық қауіпсіздік талапта­рына жауап береді. Қазір біз 30 мың тоннадан аса құрғақ құрылыс қоспаны, гипсокартоннның 8 млн. шаршы метрін және 50 мың тоннаға жуық гипсті өн­діріп отырмыз. 2016 жылдан бастап өндіріс көлемі тәулігіне 600 тонна гипс­ты құрамақ, бұл «ЭКСПО–2017» ны­сан­дарындағы әрлеу жұмыстарын аяқ­тау­ға қажетті бүкіл көлемді қамтамасыз етуге әбден жетеді, – деді «Жамбыл­гипс» АҚ сауда бөлімінің бастығы 
Е.Щукина.Сонымен қатар кездесуге қатысқан «Азмина–Мрамор» ЖШС директоры Руслан Жетпісбаев өз кә­сіпорны өндіретін көк және жасыл мәрмәрдің бірегей қасиеттері жөнінде тарқатып айтып берді. «Әлемде жасыл және көк мәрмәрді өндіретін тек үш 
кен орын бар, ол Индияда, Бразилияда және бізде өндіріліп, өңделеді. Не­гізі­нен, біз жеке тапсырыс берушілермен жұмыс жасаймыз, алайда қазір біз «Ас­тана ЭКСПО–2017» ҰК-мен ынтымақ­тасу туралы келісімшартқа отыратын болсақ, біз республикалық деңгейге шығатын боламыз» деді ол. Ресми бө­лімнің соңына қарай бас мердігерлер мен аймақтық жеткізушілер жұмысқа қатысты мәселелерді талқылап, іскерлік байланыстарды үзбеуге келісті. Жалпы, 2015 жылдың 26 мамырында «Астана «ЭКСПО–2017» ҰК және Жамбыл облысының әкімдігі облыстағы тауар өндірушілерді «ЭКСПО–2017» ха­лықа­ра­лық мамандандырылған көр­месінің құрылысына тарту туралы ме­моран­думға қол қойған болатын.