Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қызылордалықтар қорқып отыр

Қызылордалықтар қорқып отыр

Жолдасбек Дуанабай
962
Қызылордалықтар қорқып отыр Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ұсақ малды жаппай қырып жатқан жұқпалы дерт әлі сейілген жоқ.Ал тұрғындар болса, өлген малдың өлекселерінен ауру тарайма деп қауіптенеді.

Айта кетейік, өлген мал басын есептеп шыққан мамандар, қойлары қырылып қалған  шаруа қожалықтарына қашан және қанша өтемақы берілетінін тек бүгін айтты.
Пастереллез індетіне шалдыққан қойлардың саны 5 шаруа қожалығында 1000-нан асқан. Мамандардың айтуынша,  шығын тек арнайы сырғаланып, базада тіркелген мал басына ғана төленетін болады.
Қазіргі таңда осыған байланысты арнайы топ құрылып, қырылған ұсақ малдың  шығынын есептеп жатыр.
Уақ малдың 3-6 ай аралығындағыларға жобамен 12 жарым мың теңгедей болады. Ал қойларға 22-24 мың теңге шамасында болып есептеледі,  дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
31 арна