Негізгі бет  /  мақалалар  /  Атырауда бірегей кабель зауыты ашылды

Атырауда бірегей кабель зауыты ашылды

Айқын-ақпарат
1977
Атырауда бірегей кабель зауыты ашылды Қазақстанның экономикалық дамуына зор серпін беретін «Жаңа индустрияландыру» картасы бағдарламасы аясында Атырауда бірегей зауыт ашылды.

Қазіргі заманда айшылық жерден жыл­дам хабар жеткізуге мүмкіндік беріп отыр­ған байланыс саласында кабельдің озық үлгісін шығарудың бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Осы орайда Атырау қаласында пайдалануға берілген оптикалық-талшық­ты кабель шығаратын жаңа зауытты ма­ман­дар бірегей жоба деп бағалап отыр. 

Атырау өңіріндегі бірегей жобаның ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Пар­ламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қ.Ищанов, Сенатор С.Еңсегенов, қала бас­шылығы мен оптикалық кабельді сатып алуға тапсырыс беруші мекемелер мен бай­ланыс саласында мамандар дайындайтын оқу орындары басшылары қатысты. 
Мұнайлы өңірдегі кабель зауытының ашылу рәсімінде облыс басшысы Б.С.Ізмұхамбетов: «Республика бойынша индус­триалы-инновациялық дамудың алғашқы бесжылдығы сәтті аяқталып, қазір екінші кезеңіне қадам бастық. Еліміздің өзге өңірлеріндегідей, біздің облы­сымызда да бірінші бесжылдықтың жоспарына енгізілген іс-шара толықтай жүзеге асы­рыл­ды. Үдемелі индустриалық-инновация­лық даму мемлекеттік бағдарла­масы аясында сан-салалы жобалар іске қосылып, қай салада да өндірістің өрлеп, істің ілгері басуына тың серпін берді. Об­лы­сымызда фармация, мұнай өңдеу, маши­на жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруа­шылығы саласында жаңа тың жо­балар жүзеге асуда. Бұл жобалардың бар­лығы да облыстың ғана емес, еліміздің эко­номи­касы мен әлеуметін жақсартатын жобалар. Бұл үрдіс екінші бесжылдықта да жүйелі жалғасын табуда. Соның айға­ғындай, өңірі­мізде тағы бір заман талабына сай келетін, соңғы үлгідегі техника-техно­ло­гиялармен жабдықталып, жарақтан­ды­рылған өндіріс орны ашылып отыр. Жаңа зауыттың шығаратын өнімдерін тұтыну­шы­лар, негізінен, отандық кәсіпорындар бо­ла­ды. Бұл телекоммуникация мен байланыс қызметін дамытуда, оның сапасын арт­ты­рып, бәсекелестікке қабілеттілігін көтеруге жол ашады» деп өңірдегі жұмыстардың жандануына ықпал етіп жүрген сенат депу­тат­тары мен жобаны жүзеге асырушы ком­панияға ризашылығын білдірді. 
Қазақстанда баламасы жоқ жобаны жүзе­ге асырушы «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ның бас директоры Семен Хван­ның айтуынша, Қазақстанда кабель өніміне сұраныс өте жоғары. Зауыт әзірге Қазақстандағы бүкіл сұраныстың 30 пайы­зын жабуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын үшін жабдықтар Қытай, Ресейден сатып алынған. «Біз ондаған миллион доллар тұратын еуропалық жабдықтарды сатып ала алмаймыз. Өйткені шығынның орнын өтеу мен қаржыны қайтару мәселесі бар. Оның үстіне біз осы келешегі бар бағытта жұмыс істеуді енді ғана үйреніп жатырмыз. Біздің пайымдауымызша, оптикалық-талшықты кабель бойынша қытайлық жабдық тұрақты түрде 5 жыл бойына жұмыс жасай алады. Содан кейін жабдықтың өзі техникалық параметрлерге әсер етпейді. Бұл жерде маңыз­ды материалдардың сапалылығы.Егер материал сапалы болса, онда кабель де соған лайық болады. Ал материалдарды біз Еуропадан, АҚШ-тан, Жапониядан алдырып қолданамыз – бұлар полиэтилен, бояғыштар, талшықтың өзі. Ал өнімнің өзіндік құны бойынша тіпті Ресей өндіру­шілерінен күрт айырмашылықта болмай­мыз деп ойлаймын» деген бас директор С.Хван өздерінің өнімдері арқылы Қытай­мен бәсекелес бола алатын мүмкіндік ба­рын айтып отыр. 
Зауыт басшылығы қазіргі негізгі тұтыну­шы «Қазақтелеком» АҚ екенін айтып отыр. Бұдан басқа «Қазтранском», «Транстеле­ком», «Алма ТВ» және құрылыс компания­ларына зауыт өнімін пайдалану туралы келісімге келу жоспары бар. Қазіргі таңда байланыстың жылдамдығы, интернеттің сапалы әрі жылдамдығы талап етілген заманда, озық технологияға сұраныс көп. Сондықтан қазір байланыс, белгі беру саласы мысты кабельді талшықты-опти­калық талшықты түріне ауыстыру жұмыс­тарына көшуде. Зауытта жергілікті маман­дардың жұмыс істеуі басты назарға алынған. Соның нәтижесінде Атырау мұнай-газ институты, С.Мұқашев атындағы политех­никалық колледжі түлектерін сынақтан өткізу арқылы жұмысқа орна­ластыру бір жүйеге қойылған. Зауыттың ашылу сал­тана­тында «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ның бас директоры Семен Хван мен Саламат Мұқашев атындағы Атырау по­ли­техникалық колледж директоры Ба­қыт Шеркешбаева дуалдық оқыту жүйесі­мен мамандар даярлау жөніндегі өзара келісім­шартқа қол қойды. 
С.Мұқашев атындағы Атырау поли­тех­никалық колледж директоры Бақыт Кеңес­қызы: «Жаңа зауытқа мамандарды қыз­метке сынақ арқылы орналастыру бойынша өткен конкурс тартысты болды. Өңірдегі мұнай-газ институты студенттерімен бірге сынаққа түскен колледждің биылғы 9 түлегі кабель зауытына жұмысқа алынды. Біздің колледж базасында әзірге заманауи құрал-жабдықтар жоқ. Сондықтан біз оқушыла­рымызбен бірге колледж мұғалімдерін де осы зауыттан практикалық тәжірибе ал­масуға келісімге келдік» деп кабель зауы­тының ашылуы жастар арасындағы жұмыс­сыздықты болдырмауға ықпал ететінін айтты.
Жалпы, зауыт өнімін тұтынушы маман­дар өңірде талшықты-оптикалық кабель өндірісін дамыту жобасы бойынша жаңа зауыттың ашылуын зор жетістік және тех­нологиясы жағынан бірегей деген тоқтамға келді.
Ерсайын ДҮЙСЕМАЛИЕВ, «Қазақ­теле­ком» АҚ Атырау облыстық телеком­муника­циялар дирекциясының басшысы: 
– Атырауда талшықты-оптикалық ка­бель шығаратын зауытының ашылуы еліміздің телекоммуникация саласы үшін маңыздылығымен ерекшеленеді. Себебі қазіргі заманғы телекоммуникацияны оптикалық байланыс жүйесісіз елестету мүм­кін емес. Талшықты-оптикалық байла­ныс жүйесі ақпаратты тарату жүйесі бо­йынша қазіргі заманғы қоғамда ең маңызды рөлді атқаруда. Телекоммуникацияның жаңа жүйесі құрылысында «Қазақте­ле­ком»  АҚ талшықты-оптикалық кабельді кеңі­нен пайдаланады. Біздің өңірлік қызметі­мізде жылына 2500 шақырымдық опти­ка­лық кабель қажеттілігі бар. Мемлекет бас­шысы Н.Ә.Назарбаевтың ел экономи­касын қарқынды дамыту, отандық өнімді қолдау арқылы оның дамуына үлес қосу туралы бәсекеге қабілетті ету тапсырмасына сай, «Қазақтелеком» АҚ-тың Атырау об­лыс­тық телекоммуникациялар дирекциясы «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-мен әріптестік туралы меморандумға қол қой­ды. Жалпы, талшық дайындау – жоғары технологиялық өндіріс. Оны жүзеге асыру­да кез келген компания тәуекелге­ бармайды. Өйткені оның негізі әйнек шыны, бәрі де оның тазалығына байланысты. Ал өткізу қабілеті берілетін сигналдың сапасы мен жылдам­дығына әсер етеді. Талшықты кабель бойынша жарық сигналы, лазер сәулесі өтетінін айтуымыз керек. Сапалығына сай жылдамдығы өте жоғары. Бұдан басқа, мыс кабельмен са­лыс­тырғанда оптикалық кабель талшықты жағалай бірнеше канал­дар ұйымдастыруға болатыны үшін жоғары өткізу қабілетін қам­тамасыз етеді. Осы се­беп­терді жан-жақ­ты талдау арқылы техно­логиясы жағынан бұл зауыт бірегей деп айтуға негіз бар. Бұған дейін біз кабельдерді Қарағанды зауытынан алып келдік. Енді өзіміздегі зауыттың тұрақты тұтынушысы боламыз.
Мамандардың сараптамалы пікірлеріне сай, елімізде әзірге баламасы жоқ зауыттың Атырауда ашылуы ең алдымен батыс өңірлерге тиімдірек болатыны сөзсіз. 
Жалпы, өңірлік индустрияландыру кар­тасы, қала берді «Бизнестің жол карта­сы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асыры­лып отырған бұл жоба мемлекет тара­пынан 7 пайыздық субсидиялау жолы­мен, екінші деңгейлі «RBK BANK» меке­месі арқылы қаржыландырылуда. 
Кәсіпорынның жобалық құны 715 млн теңге. Бастапқыда бір ауысым­дық әдіспен жұмыс істеу кезеңінде мұнда жалпы ұзын­дығы 5000 шақырымдық кабель шығары­лып, 50-ге тарта адам жұмыспен қамтылады. Зауыт толық қуатына қосыл­ған­­да, үш ауысымдыққа көшкенде бұл көрсеткіш 11000 шақырымға дейін көбейіп, жаңадан жұмыс орындары ашылады. 
2017 жылға жоспарланған жобаның екінші кезеңінде зауытта құрамына мыс қосылған кабель шығару мүмкіндігі бар жаңа желі іске қосылады. Сәйкесінше жұ­мыс қуатының артуына сай жұмысшы ма­мандардың да қажеттілігі артады. Тал­шықты-оптикалық кабель зауыты туралы мамандардың пікірінше, тек қана пайдаға жұмыс істейтінімен ерекшеленеді. Себебі жоғарыда айтылғандай, қазіргі күні ақпарат алмасу, байланыс жүйесі жыл­дамдықты қажет етеді. Ал ол жылдамдықты талшық­ты-оптикалық кабель сапалы ұсына алады.Сайып келгенде, елімізде жоғары техноло­гиялы зауыттың болуы, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосатын ұтым­ды жоба. Біз мұндай жетістікке елімізде жүзеге асып отырған Үдемелі индус­триал­ды-иннова­ция­лық даму мемлекеттік бағ­дарламасы аясында қол жеткізіп отыр­мыз.

Тұрсын ҚАЛИМОВА,

Атырау облысы