Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үздік кәсіпорындар анықталды

Үздік кәсіпорындар анықталды

Айқын-ақпарат
1003
Үздік кәсіпорындар анықталды Биылғы жылы «Қазақстанның үздік тауары – 2015» байқауының аймақтағы көрмесі «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп, оған өңірдің үздік 53 тауар өндіруші компаниясы қатысты.

Ал ағымдағы жылы байқау-көрменің жоғары деңгейде өтуіне Жамбыл облыстық Кәсіпкерлік палатасы ұйытқы болды. Көрмеде «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауар», «Халыққа арналған ең үздік тауар» және «Ең үздік азық-түлік тауар» аталымдарында өз өнімдерін ұсынған жергілікті компаниялардың қатарында соңғы біраз жылдың көлемінде еліміздің нарығында ойып тұрып орын алған – «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс» ЖШС, «Жамбыл Цемент Өндірістік Компаниясы» ЖШС сынды ірі комманиялар да болды.

Сондай-ақ аталмыш байқауға биыл қатысуға өтініш түсірген – «Гүл И.М» ЖК кондитер цехы, «Зам-Зам» шаруа қожалығы, «Рома­щенко» ЖК «Ара-тау» бал арасын өсіруші кешендер де болды. Көрменің ашылуында сөз алған Жамбыл облыстық кәсіпкерлік па­ла­тасының директоры Қарлығаш Аралбекова: «Тамырын тереңге жайған Тараз топырағында тағы бір айтулы оқиға өтіп жатыр деп есеп­теймін. Өздеріңізге белгілі «Қазақ­станның үздік тауары» көрме-байқауы 2006 жылдан бері ұй­ым­­­дас­тырылып келеді. Биыл атал­мыш байқауды алғаш рет Ұлт­тық кәсіпкерлік палатасы ұйым­дастыруда. Байқауға 53 кәсіпорын қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл кәсіпорындардың барлығы да облыс экономикасын дамытуға өздерінің сүбелі үлестерін қосып келе жатқан компаниялар деп сенім­ді түрде айта аламын. Байқау біздің кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырып, нарықтағы жаңа талаптарға бейім­дей түседі деген ойдамын» деді. Сондай-ақ байқау қорытын­ды­сында құрамына 13 адам кірген әділқазылар алқасы үздіктерді анық­­тады. Олардың қатарында «Өн­дірістік мақсаттағы ең үздік тауар» аталамында «Қазфосфат» ЖШС-і – бірінші, «Ғимарат Темір Бетон» ЖШС-і – екінші, «ACIG» ЖШС-і үшінші орынды иеленді. Ал «Ха­лық­қа арналған ең үздік тауар» аталамында жүлделі бірінші орын­ды «Арайстроймаркет – 2003» ЖШС-і, екінші орынды «Энерджи-Тараз» ЖШС-і, үшінші орынды «Жасұлан-флора» ЖШС-і қанжы­ғалады. Сонымен қатар «Ең үздік азық-түлік тауар» аталымында «Та-Мак» ЖШС-і – бірінші, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС-і – екінші, «Аха­нов» ЖК үшінші орындарды иеленді. Жүлде алған компания­лардың барлығы дипломдармен марапатталды. Және осы байқауда үздің шыққан компаниялар рес­пуб­ликалық байқауға жолдама алды.

Ерман ӘБДИЕВ, 

Жамбыл облысы