Негізгі бет  /  мақалалар  /  Күреңбел өңіріндегі өнімді тірлік

Күреңбел өңіріндегі өнімді тірлік

Айқын-ақпарат
978
Күреңбел өңіріндегі өнімді тірлік Алматы облысындағы ауыл ­шаруа­шылығы алға басқан өңір­лердің бірі – Кербұлақ ауданы.

Төрт түлікті көбейтумен қатар егіс­тік көлемі жөнінде де аймақ­тың алдынан көрінетін ауданның астықты алқаптарының аумағы мыңдаған гектармен саналады. Соған сай мұнда дәнді дақылдың элиталық және малдық асыл­дан­дырылған тұқымын өсіретін ша­руашылықтар саны да жетерлік. Өндіріс те өрге тартып тұр. Кү­рең­­бел өңірінің ауыл шаруа­шы­лығына аса қолайлылығы өз ал­дына, ауданда орналасқан жа­та-
­ған таулардың қойнауы бағалы кендерге толылығы да аймақтың болашақтағы даму мүмкіндігі даң­ғыл екенін аңғартады. Күні кеше Кербұлақ ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Амандық Баталов та аудан­дағы бірқатар шаруа қожалық­тарын аралап, күзгі орақ науқа­нының барысымен және ауыл ша­руашылығы техникаларының жағдайымен танысты. 
Көксу ауылдық аумағында орналасқан «Абыхан» шаруа қо­жа­лығы шөпшілерінің қарқынды қимылына көз салған облыс бас­шысы шаруа адамдарының жағ­дайын сұрап, емен-жарқын әңгі­мелесті. Осы аумақтағы «Ақыл­-
бай – 2» және «Зарина» шаруа­шылықтарының басшылары да өз­дерінің бүгінгі жағдайы мен бо­ла­шақ жоспарларын ортаға салды. Бұрындары бұқаралық ақ­парат құралдарынан оқып жүр­геніміздей, Жетісу өңірінде егін орағынан соң қалатын сабан мен қамыс-құрақ та кәдеге асады. Облыстың бірнеше ауданында бұған дейін алқапта қалатын қалдықтан биоотын шығару жол­ға қойылған. Жоғарыда аталған ша­руашылықтардан қабылдан-ған сабан қазіргі кезде Көксу ауылындағы кәсіпорында эколо­гиялық жағынан да құны тұрғы­сынан да тиімділігімен ерекше­ле­нетін отын түріне айналдырылады екен. Алғашқы нәтиже де жаман емес көрінеді. Алға жылжыған жылдармен бірге жылыту мау­сымы үшін биоотын пайдалану­шы­лар қатары да артып отырған көрінеді. 
Облыс әкімінің ауданға ісса­пармен келуін күтіп жүрген «Жа­рық Энерго» Ұлттық энергети­ка­лық компаниясы» ЖСШ дирек­-
торы Сәкен Мейірбеков ауданда су және жел электр энергиясын өндірудің мол мүмкіндігі барлы­-ғы туралы егжей-тегжейлі баян­дап, Қаратал өзенінде салынатын кезекті су электр стансасының құ­рылысы келер жылы бастала­тындығын мәлімдеді. Амандық бол­са, алдағы жылы Қаратал тағы бір ұрымтал тұсынан бұғаула­-нып, өзендегі бесінші су электр стан­са­сы бой көтереді. 
Аудандағы аса ірі ауыл шаруа­шылығы құрылымдарының бірі «Алатау Дейри» ЖШС-нің кар­топты алқабының жағдайы да жа­ман емес екен. Серіктестік ди­ректорының айтуынша, шаруа қожалығы жерінің жалпы алаңы 10 047 га құрайды. Аталған се­ріктестік асылтұқымды мал мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге маманданған, ал картоп 80 га жерге отырғызылған. Биыл картоптың өнімділігі жоғары бо­лады деген үміт зор. 
«Мәди» шаруа қожалығы са­тып алған заманауи бес комбайн­ның пайдасын көріп отырған ша­руа адамдары, болашақта осындай озық үлгідегі техникалар қатарын нығайтуға қолдаулар жасалса деген тілектерін білдірді. 
Сапар соңында облыс әкімі «Байғазы» шаруа қожалығына атбасын бұрды. Қожалық бас­шысы Юрий Дембицкий қазірге дейін 1100 га жерден астық жи­нал­ғанын, 1900 тонна астық бас­ты­рылғанын, орташа өнімділігі гектарына 18 центнерден айна­лып отырғанын және ауыл ша­руашылығындағыларды қазіргі кезде қандай мәселелер толған­дыратындығын ортаға салды. Осы жерде журналистерге жедел сұхбат берген Амандық Ғаб­басұлы :
– Ауыл шаруашылығын да­мытуға ерекше көңіл бөліп отыр­мыз. Мемлекет басшысы облысы­мызға жасаған жұмыс сапары ба­рысында өңіріміз үшін дәстүрлі саналатын, осы облыста даңқы шыққан қант қызылшасы, жүгері сынды бағалы дақылдарды өсі­руге баса назар аударып, асыл тұқымды мал шаруашылығының маңызын арттыру тұрғысында тапсырма бергенін өздеріңіз бі­лесіздер. Қазіргі кезде осы бағыт­тарға көңіл бөліп отырмыз. Жал­пы, ауылшаруашылығы мемлекет тарапынан жасалатын қолдау-
дан кенде емес. Мәселен, биылғы жылы біз 24 млрд теңгеден астам субсидия алдық. Сол сияқты ауыл шаруашылығы мамандарына сапалы тұқым, гербицидтер, ты­ңайт­қыштар, арзандатылған ба­ға­мен жанар-жағармай алуға жәр­демдестік, сондай-ақ жаңа тех­-
но­логиялар енгізіліп, жаңа техни­калар сатып алынуда. Сөйтіп, об­лыста тиімді жұмыс істеуге жағ­дай жасалып, бүгін әкімдік, ауыл шаруашылығы тауар өнді­рушілері мен бизнесмендердің өзара бірлескен еңбегінің нәти­жесін көріп отырмыз. Алдағы кезде қолдау мен қамқорлық жақсара түсіп қана қоймай, оның қайтарымы болуын бақылау да барынша күшейеді. Өйткені біз­дің ел Дүниежүзілік сауда ұйымы­на кірді. Бұл ұйымның пайдасын көру үшін оның қатарындағы мем­лекеттердің ауыл шаруашы­лығымен бәсекеге түсе алатын болуымыз керек, – деп атап өтті.
Болат АБАҒАН, 
Алматы облысы