Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеяcының 70-ші сессиясына қатысады деп күтілуде

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеяcының 70-ші сессиясына қатысады деп күтілуде

Жолдасбек Дуанабай
1370
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеяcының 70-ші сессиясына қатысады деп күтілуде Алда өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы ерекше мазмұнға ие болмақ. БҰҰ-да қыркүйек соңында Нью-Йоркте өтетін жиынға жоғары деңгейдегі делегация қатысады деп үміттенеді, деп мәлімдеді БҰҰ басшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик.

«Сессия барысында орнықты дамудың жаңа мақсаттары қабылданады, климаттың өзгеру проблемалары талқыланады. Бас ассамблеяға Рим папасы да келеді деп күтілуде. Демек сессия ерекше мазмұнға ие болмақ», - деп Дюжарритің сөзін келтірді БҰҰ ресми сайты.

БҰҰ 70 жылдығына арналған сессия делегаттарының алдын ала тізімінде БҰҰ мүше елдерден келетіндердің  басым бөлігі мемлекет, үкімет басшылары.  РИА Новости хабарлағандай, құжатқа сәйкес 90-ға жуық елден мемлекет басшылары келеді деп күтілуде, олардың ішінде - Ауғанстан, Беларусь, Барзилия, Мысыр, Израиль, Иран, Йемен, Қазақстан, Қытай, Латвия,  Ливия, Нидерланды, Палестина, Ресей, Сербия, АҚШ, Украина мен Франция бар.

С. Дюжарриктің айтуынша, тізім БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктер берген ақпарат негізінде жасалған. «Егер тұрақты миссия мемлекет басшыларына орын белгілесе, біз оны ескереміз», - деп хабарлады ол.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы ресми түрде 15 қыркүйекте басталады. 25-27 қыркүйекте Саммит өтеді, онда 2015 жыл кезеңінде орнықты даму саласындағы жаһандық мақсаттар қабылдануы тиіс. Олар 2000 жылы қабылданған Мыңжылдық даму мақсатын ауыстыруға жиналады. 28 қыркүйекте жалпы саяси пікірталас ашылады, онда барлық  БҰҰ-ға  мүше 193 мемлекеттің өкілдері сөз сөйлейді.

Қазақпарат